Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2373 0 пікір 18 Сәуір, 2010 сағат 12:45

Бакиев Қазақстаннан Дубайға ұшып кетті

Тараз. 18 сәуір. ҚазТАГ - Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиев сенбі күні кешкісін Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірлігіне ұшып шықты. Бұл туралы ҚазТАГ-қа Жамбыл облысының әкімдігінен құзыретті дерек көзі хабарлады.

«Бакиев отбасымен бірге сенбі күні 21 сағат 17 минутта Тараздан Дубайға ұшып шықты», - деді ол. Бірақ ол Бакиев Дубайға қандай ұшақпен ұшып кеткенін нақтыламады.

Бұрын хабарланғандай, 15-ші сәуір күні кешкісін Қ.Бакиев Қырғызстаннан Қазақстанның Жамбыл облысының орталығы - Тараз қаласына келіп қонған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, оның бұйрығымен Қазақстан қорғаныс министрлігінің әскери-әуе күштері Бакиевті Қырғызстаннан алып шығу үшін әскери ұшақ жіберген.

«15-ші сәуірде 18 сағат 30 минутта Қазақстанның әскери-әуе күштерінің ұшағы Алматы әуежайынан арнайы жасақпен ұшып шығып, 19 сағат 15 минутта ол Жалал-Абадқа қонды. 20 сағат 15 минутта отбасымен Бакиевті алған ұшақ Қазақстанға келіп қонды», - деді Қазақстан президенті 16-шы сәуір күнгі брифингте журналистерге.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475