Хабылсаят мырза тағы да қателесті...
Осы күндері «Көші-қон туралы» Заң жобасы парламентте талқыланып жатқаны белгілі. Өткен жұмада Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Хабылсаят Әбішев мырза (суретте) заң жобасының талқылауына қатысқан кезінде «айды аспанға шығарарлық» бір мәлімдеме жасады. Х.Әбішевтің парламент қабырғасында жасаған бұл мәлімдемесін жұма күні кешкісін бірқатар қазақстандық телеарналар көрсетті. Ол «Өзбекстан мен Қытайдан және Моңғолиядан көшіп келген кейбір оралмандардың квота алған соң, өздерінің келген жақтарына кетіп қалатындығын, оған өзі бас болып, көші-қондағылардың еш нәрсе істей алмай айтып, парламент депутаттары алдында зар жылағандай кейіпке енді. Біздің естіп, білуімізше оралмандар арасында квотаны саудаға салып қыздыратын «ептілер» сол Әбішевтің өз қарамағында істейтін облыстағы, қаладағы, аудандағы көші-қон мекемелерінің кейбір қызметкерлері және атажұртым деп келген оралмандарға тоң мінез көрсететін де сол көші-қондағылар мен жергілікті атқамінер әкімсымақтар.
Барлық жамандықты тек оралмандарға қарай аудара салуға болмайды. Бұл «елім,жерім, атажұртым, отаным» деп келген қазақтарды кеудеден итеру болады. Есіңізде болсын, біз онымен еш келіспейміз.

Біріншіден, сіз көші-қон жұмысын даңғыл жолға қоямын десеңіз әуелі келіп жатқан оралмандарға дұрыс жағдай жасауға көңіл бөліңіз, көші-қондағы жемқорлықпен күресіңіз содан кейін барып істен гөрі сөзі көп көші-қон жұмысын ілгері бастырыңыз, сонда сізді халық түсінеді әрі бағалайды.
Екінші мәселе, жұма күні парламент мінберінен сіз Моңғолиядан келіп жатқан қазақтардың 98% білімсіз және сауатсыз дегенді айттыңыз. Бұны қандай статистикалық дерекке сүйеніп айтып отырсыз?!. Біле білсеңіз бұл мемлекеттік жоғары қызмет сатысындағы сіз секілді адамның ауызынан шығатын сөз бе еді? Білесіз бе, сіз өткен жылы «Моңғолиядан қазақтарды көшіріп алуды тоқтату керек» деп айтып қалып ақыры өзіңіз қате басқаныңызды түсініп, БАҚ арқылы халықтан кешірім сұрап құтылған болатынсыз. Ендігі айтып отырғаныңыз не нәрсе? Сізге керегі нақты мәлімет, дерек болса соның біразын бере кетейік.
Моңғолия қазақтары 1991 жылы Қазақ елі тәуелсіздігін жариялаған күннің ертеңінде-ақ атажұртқа қарай көш керуенін бастаған жұрт.
Бүгінде Монғолиядан атажұрқа көшіп келген қазақтардың саны 100 мыңға жақын деген дерек бар. Атажұртқа оралған осы қазақтар арасында да сан түрлі білім иелері, небір таптырмас кәсіптің мамандары жүр. Мысалы Ресейдің Мәскеу, Ленинград, Свердловск, Новосибирск секілді қалаларындағы жоғарғы оқу орындарын бітіріп, жоғары білім алған дипломды инженерлер, ұшқыш мамандар, Берлин, Варшава, Прага, Будапешт, София, Бухарест секілді Шығыс Еуропа елдерінің белді университеттері мен институттарында ядролық физика, биохимия, биотехнология және сан түрлі инженерлік мамандықтар бойынша оқып, жоғары білім алған, Моңғолияда аталған салада жұмыс істеп келген азаматтардың көбі Қазақстанда өз мамандықтарына орай жұмыс таба алмай, басқа кәсіппен айналысуға мәжбүр жағдайда жүр. Бұл мәселеде көші-қон комитеті ешқандай жұмыс жасамай отырғанын есіңізге салғымыз келеді. Сондықтан алғашқы жылдары Монғолия қазақтарына тек қана қой баққызуға ғана болады деген колхоз басшыларының жаңылыс пікірлерінен де асып түсіп, олар сауатсыз екен, білімсіз екен сондықтан олардың бізге керегі жоқ дегенді айтып отырған Х.Әбішев мырза, сіз өзі кімсіз деген сұрақ қойғымыз келеді?
Атажұртына оралған Монғолия қазақтары және олардың ұрпақтары бүгінгі күні шама шарықтарынша Қазақстанның ғылым, білім институттарында зерттеуші ғалым, жоғары оқу орындарында ұстаз-оқытушы, денсаулық саласында дәрігер маман ретінде жемісті еңбек етуде. Сондай-ақ, Қазақстанның бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Монғолиядан келген қазақ жастары жақсы журналистер ретінде көпке танылып үлгерді. Монғолиядан көшіп келген қазақтар нарық жағдайына тез бейімделіп, сауда саттықпен айналысу, үй салу, мебель жихаздарын жасау секілді бұрын білмейтін кәсіптің иелері атанды.
Ал сонда сіз айтып отырған 98% білімсіз, сауатсыз қазақ қайдан келген? Айтыңыз, біз де біле жүрейік. Әйтпесе «тазы ашуын тырнап алады» дегендей Моңғолия қазақтарына кез келген жерде тісіңізді көрсетіп, тиісе бергеніңізді тоқтатыңыз. Бұл сіз секілді мемлекеттік қызметтегі адамның этикасына сай келмейтін нәрсе. Осы жағдайды есіңізге сала отырып, біз де сізге қоятын төмендегідей ұсыныс, талаптарымызды жария еткенді жөн көрдік.
- Қазақстандағы көші-қон жұмысын жаппай жемқорлыққа алғызып, соған қарсы тиімді жұмыс шарасын істей алмай отырған Х.Әбішев мырза, сіз әуелі осы лауазымды қызметке келгелі не істедіңіз, қандай жұмыс бітірдіңіз? Үкімет алдында және халық алдында есеп беруіңізді талап етеміз.
- Басы таудай болған «Нұрлы-Көш» бағдарламасы неге шеттен көшіп келетін қазақтар тарапынан қызығушылық тудыра алмай отыр? Оған себеп сіздің өз салаңызды жеткілікті деңгейде басқара алмай отыруыңызда емес пе? Қалай ойлайсыз? Бұл әлде шеттен қазақтарды шақырмау, атажұртына әкелмеу бағытын ұстанған сіздің түпкілікті ойыңыздың іске аса бастағандығы ма?
Осы сауалдарды жалпы жұртқа жария ете отырып біз, бір топ оралман ағайын бүгінгі Қазақстанның көші-қон саласында және оның басшылығында қалыптасқан ауыр жағдайды қалың жұртшылық назарына және мемлекет басшылығы назарына аударуды жөн көрдік.
Моңғолиядан көшіп келген бір топ оралман ағайын.
P.S. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Хабылсаят Әбішев мырзаға
жазылған хатты қолдап, форумда пікір білдіретін немесе кері уәж айтатын
оқырман өзінің аты жөні мен электронды поштасын көрсетуіне болады.
«Абай-ақпарат»