Сайрам-Өгем МҰТП аумағынан екі - «Озерная» және «Өгем» шекара заставасын салуға рұқсат берілмек.
Үстіміздегі жылғы қаңтар айында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысына Іле Алатауы және Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің аумағында шекара заставаларын салу үшін жер учаскелерін бөлу туралы хат жолдаған болатын. Бұл хат бірақ талқылаынп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сәуір айының басында жетті.
Негізінде ҚР Жер кодексінің 122-бабына және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР Заңының 23-бабына сәйкес Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері мемлекеттік меншікте болады және жекешелендіруге жатпайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін өзге мұқтаждықтар үшін алып қоюға жол берілмейді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда шекара заставаларын салу мәселесін шешу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекара күзетінің объектілерін орналастыру үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін пайдалануға рұқсат беру бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу шеңберінде ҚР Жер кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына тиісті өзгерістер енгізуде.

Қазіргі кезде көрсетілген Заң жобасы қабылданғанға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бір мезгілде заставалар салу үшін ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп учаскелер іріктеу туралы Іле Алатауы және Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің басшылығына тиісті тапсырмалар жіберді.
Осы айдың аяғына дейін шекара заставалары салынатын орындарды келісу жоспарлануда және осы учаскелер іріктеліп алынғаннан кейін Іле алатауы және Сайрам-Өгем МҰТП аумағынан екі - «Озерная» және «Өгем» шекара заставасын салуға рұқсат берілетін болады.
Әсел Назаралы
Астана қаласы