Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6782 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 20:02

Қазақтың хас батыры

Шапырашты Наурызбай туралы сөз айту –  ерліктің табиғи-тарихи  болмысы туралы ой толғау. Ерлік деген не? Ерлік тек ерлер, батырлар ісі ме? Сірә, оның табиғи ауқымы кең болар. Бұл жерде менің қысқаша айтарым, ерлік арнайы зерттеуді қажет ететін мәселе. Ерлік – адам болмысының ерекше қасиеті. Ол әрбір жанның іс-қарекетінен көріне бермейді. Жаратушы ерекше жандардың табиғи болмысына ерлік қуатын береді, бірақ сол қуатты адам қандай мақсатқа пайдаланбақ. Ерлік деген тек жанқиярлық қарекет пе? Онда Жапонияның самурай¬лары, шахиттік әрекетке барып жүрген шешен және палестина ұл-қыздарының жанкештік қарекеттеріне қандай баға береміз. Немесе, террористік пиғылдағы¬лар ісі де жанқиярлық па? Орталық теле¬арналардың бірінен Николай Островский¬дің “Құрыш қалай шынықты” көп сериялы киносы жүріп жатыр, сондағы Павел Корчагин бейнесі ерлікке мысал бола ала ма? Нағыз революционерлер нағыз ерлік үлгісін жасаушылар ма? Ойлану керек. Демек, ерліктің мағынасы мақсатқа орай ашылмақ. Жанкештілік харекетке, әрекетке барғанда қандай мақсат нысанаға алынбақ. Мақсат ізгі ме, әлде адамзат табиғат бұзуға бастайтын идеологиялық әдемі киім киген зұлымдық па? Павел Корчагиннің ерлігі осындай мақсатқа құрылған емес пе екен?!

Шапырашты Наурызбай туралы сөз айту –  ерліктің табиғи-тарихи  болмысы туралы ой толғау. Ерлік деген не? Ерлік тек ерлер, батырлар ісі ме? Сірә, оның табиғи ауқымы кең болар. Бұл жерде менің қысқаша айтарым, ерлік арнайы зерттеуді қажет ететін мәселе. Ерлік – адам болмысының ерекше қасиеті. Ол әрбір жанның іс-қарекетінен көріне бермейді. Жаратушы ерекше жандардың табиғи болмысына ерлік қуатын береді, бірақ сол қуатты адам қандай мақсатқа пайдаланбақ. Ерлік деген тек жанқиярлық қарекет пе? Онда Жапонияның самурай¬лары, шахиттік әрекетке барып жүрген шешен және палестина ұл-қыздарының жанкештік қарекеттеріне қандай баға береміз. Немесе, террористік пиғылдағы¬лар ісі де жанқиярлық па? Орталық теле¬арналардың бірінен Николай Островский¬дің “Құрыш қалай шынықты” көп сериялы киносы жүріп жатыр, сондағы Павел Корчагин бейнесі ерлікке мысал бола ала ма? Нағыз революционерлер нағыз ерлік үлгісін жасаушылар ма? Ойлану керек. Демек, ерліктің мағынасы мақсатқа орай ашылмақ. Жанкештілік харекетке, әрекетке барғанда қандай мақсат нысанаға алынбақ. Мақсат ізгі ме, әлде адамзат табиғат бұзуға бастайтын идеологиялық әдемі киім киген зұлымдық па? Павел Корчагиннің ерлігі осындай мақсатқа құрылған емес пе екен?!
Ерлік идеологиялық ұғымға айналған¬да, оның табиғи болмысындағы ізгілік өзге іске, яғни зұлымдыққа қызмет етуге ай¬налып кету мүмкіндігі үнемі болып тұра¬ды. Бұл мәселеге қатысты тарихи дерек¬терді көптеп келтіруге болады. Мысалды алыстан іздемей, шапырашты Наурызбаймен шайқасып жүрген қалмақ¬тың жауынгерлері ішінде нағыз ерлер жоқ деп қалай айта алмақпыз. Жаулардың нағыз ерлерімен соғыспаса, шапырашты Наурызбай қалайша батыр атанбақ. Бү¬гінгі өркениетті сана биігінен қарасақ, ерлік¬тің табиғи болмысы туралы айтқан¬да, жауласқан жақтың ерлерін де мойын¬дауымыз керек, бірақ мәселе сол ерлердің ісі ізгілікті ме еді! Өзге елді тонап, басып жаныштау ерлік пе? Кезінде қажет болған тарихи жағдайға жаңа көзқарас қажет. Осылай келсек, ерліктің өлшемі не бол¬мақ? Ойлаймын, Ерлік өлшемі – ізгілік. Адамзаттың ғасырлар бойы тырнақтап жиған құндылықтарын қирату, халқын қырып-жою Александр Македонский, Шыңғыс хан, Наполеон сияқты қанішер¬лер, қара ниеттілер емес, керісінше, адамзаттың құндылықтарын сақтау үшін жасалған қарекеттерден ерлік шықпақ. Демек, ерліктің мақсатынан анық мәні анықталмақ. Шапырашты Наурызбай ерлігі игілікке толы. Оның мақсаты – жерді, елді қорғау, келер ұрпаққа өмір сүру кеңіс¬тігін қалдыру. Кейде қазақта батыр көбейіп кетті, оларды тойлау көбейді де¬генді естіп қаламын. Теріс мәнде айтыл¬ған пікір. Мынау алып мекенді батырлар болмаса, ерлік болмаса, кім бізге баға жетпес қазына – атамекенімізді сақтап қалар еді. Шапырашты Наурызбай ерлігі¬нің ізгілігі бізге сабақ. Батырлар сақтаған кең мекенді енді біз көзіміздің қарашы¬ғындай сақтауымыз керек. Бұл шапыраш¬ты Наурызбай бабамыздың ерлігіне бас ию, құрметтеу ғана емес, бүкіл қазақ еліне құрмет. Тіптен, әрқайсымыздың өзімізді өзіміз құрметтеп, намысқа дақ түсірмеу. Шапырашты Наурызбай – көзі тірісінде ерлігімен өзіне ескерткіш орнатқан адам. Ендігі жерде сол ескерткішке лайықты құрмет керек! Осы тұрғыдан айтсақ, жазушы Бақытер Әбілдаұлының жақында  “Ми¬рас” баспасынан жарық көрген “Шапы¬раш¬ты Наурызбай батыр” кітабы¬нан алар тарихи тағылым айтарлықтай. Тілі орысша шыққандар үшін бұл кітапты сол тілге ау¬дарып, сәл-пәл шағындап, өзі¬міз¬ге қатыс¬ты әңгімелерді ширатып, кітапты ағыл¬шын тіліне де тәржімелеген жөн деген ойдамын. Бізді білгісі келген¬дер ауыр тағдырымызды білуге мүмкіндік алсын. Тау етегінде, кең далада өскен қырмызы гүлдерімізді қызықтағандар олардан ата-бабамыздың қаны мен жанының табиғи көрінісін сезінсін. Қазақ осы алтын ме¬кен¬ге ауып келген жоқ, осы жерді атаме¬кен ету үшін аталарымыз мыңдаған жыл¬дар бойы терін, қанын төгіп, ақылын, төзім¬ділігін сарп етті. Аса қиын халге түскенде, айтылатын ұрандар¬дың бірі “Қылқұйрық”, оның мәнісі, осы ұран айтылса, отау иесі боларға жарарлық он үштегі бозжігіттен, қолына қару ұстау¬ға жарайтын жетпіс жас аралығындағы еркек кіндік атаулы түгелдей ерге қонып, жо¬рық¬қа ерулі атымен, ас ауқатымен шығу¬ға міндетті”, делінеді романда.  Міне, нағыз ха¬лық¬тық патриотизм дегеніңіз. Осындай жағ¬дайда жаужүрек қыздарымыз да ер¬лерше киініп, қырғын майданға араласып кететін. Жанталасып, жаумен жағаласып жүріп, ұрпақтар қамы үшін аман-есен алып қалған қазақ даласы, атамекеніміз – қазіргі көзі тірі біздердің де, өсіп-өркен¬деп келе жатқан ұрпақтардың да баға жетпес асыл қазынасы. Осы қазынадан айрылсақ, антұрған ұрпақ атанбақпыз, кейінгілердің көз жасына қалмақпыз. Кітап, қадірменді оқырман, осындай жай¬ларды тарихи деректер арқылы баяндауға құрылған. Кітаптың бас кейіпкері Нау¬рызбай да біз сияқты мамыражай тұрмыс кешкісі келмеді дейсің бе, ол да адам, Алланың пендесі, бірақ оның заманы оған Батыр болу тағдырын ұсынған. Батырлық қалап алынатын іс емес, ол – ауыр Тағ¬дыр. Батыр болған соң аяусыздық, мейі¬рім¬сіздік деген адамға жат қылықтарды еріксіз тұла бойында өсіреді, әйтпегенде “жауды аяған жаралы” болмақ. Жау деген де адам, бірақ амал бар ма? Тағдыр жазуы сол, жоңғарлар қазаққа, қазақтар жоң¬ғарларға қас жау болып, бірін-бірі аяусыз қырып барады. Сондықтан амал қанша, ел қорғау қажет, ол үшін ерлік, батырлық қажет, өзгелерді жау санап жою керек. Ері, батыры жоқ ел жер бетінен құрып кетпек. Осындай қауіптен сақтап қалушы, бүгінгі біздің бар болуымызға, қазақтың кең-байтақ жерге ие болуына ересен ерлік жасаған кешегі Наурызбай сияқты хас батырлар. Сондықтан жауды қырып-жою тарихи қажеттілік болған жағдайда ғұмыр кешкен Наурызбай сынды ерлердің ғұмы¬ры анығында тым аянышты еді. Үнемі ат жалында, қауіп-қатер ортасында, кітапта Наурызбай бірінен соң бірі жақын туыстарынан айырыла бастайды, ағалары: Ырсымбет, Құдайберген, бірінші әйелі Ақбике және екінші әйелі қалмақ қызы Олжагүл, анасы Анаргүл, екі баласы ақ өлімнен емес, жау қолынан қаза тапты. Тумысынан батыр Наурызбайдың енді бойын кек-ыза кернеген, ол жауына қа¬лай шүйлікпесін. Наурызбайдың мақсаты – туған елін жаудан азат ету, тұрмысты табиғи қалпына келтіру, ұрпақ өсіру. Міне, Наурызбай батырлығының іргетасы осы асыл ұғымдарға негізделген.
Қазақта батырлар аз болмаған. Міне, осындай алып мекенді сақтаушы Наурыз¬бай¬лар қазақ даласының әр аймақтарында болған, олардың көбісінің есімдері белгілі, батырдың замандастары: Қаракерей Қабан¬бай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Бәсен¬тиін Малайсары, Сатай батыр, Бөлек батыр, Райымбек батыр, Бөкен¬бай батыр, Баян батыр, Тама Есет батыр, Жарылғап батыр, Әйтей батыр, Өтеген батыр, Шы¬мыр Қангелді, Сиқым Қарабатыр, Жола¬ман батыр, тағы да есімдері әйгілі жүзде¬ген батырларды тізіп шығуға болады. Бұлар ас беріліп, рухына дұға жасалып, бас¬та¬рына белгі қойылғандары, ал өкініш¬ке орай, есімдері әлдебір жағдайл¬арда есте қалмаған¬дары қаншалық немесе тағдыр жазуы солай болып, қапылыста алғашқы айқастарда көз жұмғандары қаншама? Наурызбай сынды батырды Жаратушы¬мыз қолдап, баянды ғұмыр беріп, соңы¬нан мол ғибратты өмірі мен ерлігі қалды, міне, осы ерлік тарихы кітапқа негіз болған. Әрине, Наурызбай батыр туралы сөз тек жалғыз, дара батыр туралы болмақ емес. Наурыз¬байдың өскен ортасы, уақыты, заманы бар. Ел билеген хандар, билер бар заман. Қазақ халқы Ресей империясына отар болмаған заман, бірақ халықтың басына түсер қиыншылықтың нышандары белгілі бола бастаған заман. Қазақ халқы жүз жылдық жоңғарлармен қиян-кескі соғыстан әлсіресе де жеңіспен шығып, екінші отаршылдыққа түскелі бара жатқан заман болатын. Мың өліп, мың тірілген қазаққа бейбіт ғұмыр кешу тағдыры әлі алыс еді. Қазақ даласы теңіздің толқынындай бір толастамай жатқан-ды. Бұл ат ауыздығымен су ішкен, ат үстіндегі өмір болатын. Бұл жерде жайғасып білім, ғылым, дін бағу мүмкін¬дігі тым тапшы болғанына қарамастан, қазақтар дінге де, білімге де бетбұрыс жасаған еді. Әсіресе, қазақ халқы екі қа¬зынасына берік болды, олар: бірін¬шіден, ата-бабасының тарихын өсіп келе жатқан ұрпаққа уызымен бірге тамсан¬дыра түсіндіре білді. Қазақ өзінің арғы тегінің кім екенін, кімдері болғанын ұмытпай келді. Осы тұста мен мынандай тарихи салыстырма жасағалы отырмын. ХІХ-ХХ ғасырларда негізінен Еуропа миссионер¬лері Орталық Америка¬дан Майя, Инк өркениеттерінің орындарын тауып, сенсация жасады. XІІІ-XV ғғ. теңдесі жоқ Майя, Инк өркениеттері болғаны бүгінде әркімге мәлім. Ал сол бай мұрадан қазіргі Майя өкілдері  бейхабар. Тарихи сана өшкен. Ұрпақтар жалғасы үзілген. Неше түрлі ғалым, данышпандар ұмыт болған. Ал, біз болсақ, VІІІ-XІX ғғ. өмір сүрген Дана Қорқыттың “Қайда барсаң Қорқыт¬тың көрі” деген дүниетанымдық терең үйірімін ұмытпай келдік. Бұл ненің белгісі? Жаумен жағаласа жүріп, ұрпақ тәрбиесін естен ешқашан шығармағанбыз. Тарихи жадымызды жойып алмағанбыз. Бұл кімдердің арқасы, нендей тәрбие жүйесі дегенді, бүгінгі саналы ұрпақ өз зердесіне салуы керек деген ойдамын.
Екіншіден, қазақтың санасы таза, оның ең үздік айғағы – қазақ тілінде диалект деген жоқтың қасы. Орал өңірінің қазағы мен Аягөз өңірінің қазағының сөздерінен айырма таппайсыз. Аралары мың¬даған шақырым. Мұны қалай түсін¬діруге болады? Кітапта Наурызбай мен Бө¬генбай батырлар Әбілқайыр хан жаса¬ғына ілесіп, Ақ Жайыққа дейін барып, Еділ қалмақтарымен соғысып қайтады. Демек, халқымыздың араласы кешенді болған, сірә, “қарға тамырлы қазақ” деген аталы сөз содан қалған болуы керек.
Кітаптың келелі тақырыбы қазақтар¬дың бірлігі әрі бір таусылмас алауыздығы, яғни билік мәселесі. Осы мәселеге қатыс¬ты автор Төле би бейнесін сәтті шығар¬ған. Билер мен хандар қолында халық тағдыры болғанда, неше қилы оқиғалар болып жатты. Бейкүнә Болат хан билік тізгінін ұстай алмай, ақыры ақысыз атылған оққа ұшты. Ендігі жерде билікке үміткер үш хан – ұлы жүз ханы Жолба¬рыс, орта жүз ханы Сәмеке, кіші жүз ханы, бүкіл қазақ қолын басқарған Әбіл¬қайыр және Болат ханның тақ мұрагері баласы Әбілмәмбет сұлтан. Осындай ауыр кезде хан тағына талас басталды, әркім ұлы хандық дәрежесін алуға ынталы. Ке¬сімді сөз үш биде қалды, бұл кезде Әйтеке би дүниеден өткен, мәселені үш би шешті, олар Төле, Қазыбек және Ақсуат.
Билердің бұл тарихи шешімі тек сол заманда ғана емес, бүгінге дейін дау-дамай туғызып, әрқилы түсінік, ұғымдарға бастап, тарихи кемеңгерлер Әбілқайыр, Абылай хандар туралы жел сөздер өрбіп отырған жай бар. Қазақ билері сол заманда билікке қолдары әбден жеткен еді. Билер институты хандық институтпен үйлесімдік таба алмай, ел басына күн туғанын да айтпасқа болмас. Әрине, оған Болат ханның жігерсіздігі, момындығы бір себеп болса, екіншіден, ел ішінен шыққан аса дарынды тұлғалардың болуы, олар Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке би. Тарихи оқиғаны көбінесе тұлғалар бастап кетітіні белгілі шындық, мысалы, көп кейінгі болған тарихи оқиға, Исатай-Махамбет көтерілісі де заманынан озған тұлғалардың болуынан, олардың ортақ келі¬сімге келе алмауынан болған ауыр оқиға болатын. Ол тұлғалар: хан Жәңгір, Исатай мен Махамбет. Тұлғалар қақтығысынан тарих жасалады. Наурыз¬бай заманында да жоғарыда аты аталған биік тұлғалар болды, олардың болғаны дұрыс болды ма, бұрыс болды ма деп сауал қойып, тарихи оқиғаны бағалаудан мардымды іс шықпайды, болары болды, бұл – Тағдыр.
Сол кездегі қазақ тағдырын, оның болашағын үш би шешті. Автор бұл оқиғаны былайша баян еткен:
“Иә, қазір қазақтың басына ауыр күн туып отырғанда, бізге екі тізгін, бір шылбырды тең ұстайтын, ел бірлігі мен ынтымағын бұзбайтын әз Тәукедей кемеңгер хан керек. Сол асылдың сыны¬ғындай, тұлпардың тұяғындай, сұңқардың  қияғындай болған, Болаттың өзі болмаса да көзіндей Әбілмәмбет сұлтанды әкесінің тағына мінгізейік. Сонда “Құда да ты¬ныш, құдағи да тыныш” дегендей, үш жүз¬дің үш ханы өз тақтарында бұрынғы¬сынша отыра береді, – деді Қаздауысты Қазыбек би мәмліге жолын ұсынып. Мар¬құм Әйтеке бидің кіші жүздегі мұра¬геріндей Ақсуат би де осыған келісті”.
Әрине, билер шешімі дұрыс, Әбіл¬мәмбет заңды тақ мұрагері. Бұл хандық институттың бұлжымас тәртібі, бірақ істе осы басқару институтының қазақ дала¬сындағы басталған дағдарысы аңғарылды. Билер шешімінен кейінгі кезеңдерде Әбіл¬қайыр хан ұлысы Әбілмәмбет ханға да, Абылай ханға да толық мойынұсыну жағында болмады. Мұны жоңғарлар ұтымды пайдалана білді. Күллі қазаққа ортақ билік мәселесі әлсіреп барады, оның ішкі де, сыртқы да факторлары жеткілікті. Билер хандық билікке араласа бастады. Мұның жақсылығымен қоса зардабы да жеткілікті болған еді.
Қазақ пен жоңғар арасындағы соғыс¬тың ұзақ тарихы бар. Бұл тарих әлі жүйелі түрде түбегейлі зерттеліп, толық жазыл¬маған. Жекелеген хандарға, билерге, ба¬тыр¬ларға қатысты кітаптар, көркем туын¬дылар бар, алайда олардағы мағлұматтар, түсініктемелер бір-бірімен қабыспай жататынын да ескерген жөн. Тарихи сананың толысуы әлі де біршама уақытты қажет етпек. Алайда, тарихи шоқтығы биік оқиғалар жұртшылыққа тегіс белгілі, соның бірі кітаптағы “Аңырақай” оқиға¬сы. Мұнда қазақ болып жиналып, жоң¬ғар¬ларға ауыр соққы берілгені баяндалған. Осы соғыста жекпе-жекте екі қалмақ баты¬рын өлтірген Бөлек батыр ерлігі ерек¬ше. Жекпе-жектен Бөлек батырдан жеңіліп бара жатқан қалмақ ноянының шектен тыс аңырауын, ат қойғыш қазақ¬тар ноянды “Аңырақ” деп атап, кейін бұл оқиға “Аңырақай” деген атпен бүкіл қазаққа жайылып кеткен. Осы соғыста Наурызбайдың ағасы Құдайбергенді жекпе-жекте өлтірген дөңкиген қалмақты қазақтар Долаңқара деп атап, оны жекпе-жекке шыққан Бөлек батыр өлтірген соң, осы ұрыс майданы “Долаңқара” аталып кеткен.
“Аңырақай” оқиғасында Абылайдың жұлдызы жанды, ол Қалдан Сереннің немере інісі Шарышты жекпе-жекте жеңіп, өлтіреді, сөйтіп елеусіз болып жүр¬ген ол өзінің Абылайдың немересі, хан тұқымы, сұлтан екенін жария етеді. Бұдан әрі қазақ тарихы, көбінесе, сұлтан Абы¬лай¬ға, хан Абылайға қатысты болып кете береді. Абылайдың жекпе-жекке шығуына бата берген Төле би. Кітапта Төле би бас¬ты тұлға ретінде айшықты баяндалған, бұл бидің ел тарихындағы алатын орны өл¬шеусіз, ол жағдайға орай билікті де, хан¬дықты да қоса атқарып отырған. Төле би заманы қазақтың хандық дәуірінің ыды¬рау кезі болатын, бірақ кереметтей тарихи тұлғалар тудырған айтулы заман еді.

 

 

* * *

 

 

Хас батырлардың дүниетанымына сәйкес, көпшілігіміз түсіне бермейтін “жауына құрмет” деген сана бар. Жекпе-жекке шыққан батырлар, әрине, бір-біріне жау, бірақ олар екі халықтың ел құр¬меттеген, ерлігі мен атағы шыққан ерек¬ше жандары. Демек, олар жекпе-жек¬те соғысып, бірінің жанын бірі алға¬ны¬мен, олардың бір-біріне деген құрметі де бар. Бұл ерте заманнан батырлыққа, ерлікке, мәрттікке тән ұғым. Жау осал болса, яғни жекпе-жекке шыққан батыр батыр болмаса, онда батырлықтың несі сән. Қарсыласын құрметтеу дәстүрі ертеден келе жатқан түсінік.
Қазіргі Қаскелең, Шамалған, Бурун¬дай елді-мекен аттары қалмақтың батыр¬ларының есімдерімен аталған. Бұл тегін емес. Сірә, оның өзіндік тарихи дәстүрлік түсініктемесі болса керек, айталық, Шапырашты Наурызбай Алланың берген ғұмырын біршама жасап дүниеден өткен адам. Демек, осы елді-мекен сол кезде де, яғни батырдың көзі тірі кезінде де осылай аталған. Олай болса, өзі өлтірген Қаске¬лең, Шамалған қалмақ батырларының есімдерін естен шығаратындай шешім жасауға Наурызбайдың мүмкіндігі болды, бірақ ол ондай әрекетке бармаған. Бұл Наурызбайдың парасаттылығы ма деп ойлаймын. Жау есімі тарихтан жоғалса, Наурызбайдың батырлығының нағыз тарихы қалай жазылмақ?

 

 

* * *

 

Кітапты оқып бітірдім. Ойланып отырмын.
Жоңғардың қонтайшысы болып әмір жүргізіп отырған Лама Доржидан билікті күшпен алып беру үшін қазақтардан жәрдем сұраған Дабашы мен Әмірсанаға Абылай сұлтан Наурызбай батыр бастаған бес мың қазақ сарбаздарын көмекке береді. Наурызбай соғыста Лама Доржы¬ны өлтіріп, жеңіске жетіп, Дабашы 1753 жылдың 12 қаңтарынан кейін қонтайшы болып жайғасады, бірақ оның билігіне көнбеген Немеху Жарғап арасындағы бір жылға созылған қиян-кесті соғыс баста¬лып кетеді. Бұл соғыста Наурызбай мен Қабанбай  басқарған қазақ жасақтары Да¬ба¬шы жағында болып, Немеху Жарғапты өлтіріп, ордасының ойранын шығарады. Алайда, жоңғар көсемдерінің бір-бірімен қырқысуы мұнымен тоқталмай, енді керіс Дабашы қонтайшы мен Әмірсана ара¬сында басталады. Бұл егес Жоңғар мем¬лекетінің тарих сахнасынан жойылуына жол ашты.
Осындай қым-қиғаш тарихи оқиғалар ішінде ат ойнатып Наурызбай батыр жүрді. “Бір елге бір ғана басшы керек. Төрт ханы, сегіз сұлтаны бар қазақтар, әнеки, тозып кетті”, – деп дұрыс сөй¬леген Әмірсананың ісі теріс болды. Би¬лікке бірге келген Дабашы қонтайшымен келісе алмай, қалмақтың ата жаулары Қы¬тай мен Абылай сұлтан жүргізген саясатқа жем болды. Абылайдың Әмірсананы қолдауында да қатпар-қатпар сырлар бар еді. Осындай күрмеуі қиын саяси істерге Наурызбай батыр сұлтан Абылаймен бірге араласты, бірақ ол билікке таласқан жоқ, халқына адал қызмет атқаруда жанын, білімін, күш-қайратын аямаған қазақтың хас батыры атанды. Ол ел жадында осындай құрметпен қалды. Сондықтан батыр өмірі және ерлігі – өнеге. Және де ол қатардағы көп батырдың бірі емес еді, Наурызбай көзі тірісінде бас батыр атанған даңқты әскери қолбасшы!
Кітапта билік мәселесі, оған талас мәселесі көп айтылған. Биліктегілердің жағасынан алу ісі жеткілікті баяндалған. Тіптен, кейде Билік мүддесі Ел мүдде¬сінен де асып кеткеніне қазақтарға да, жоң¬ғарларға да қатысты нақтылы айғақ¬тар бар. Бұл өткен тарих десек те, оның бүгінде жалғасы жоқ деп кім айта алмақ?
Билік бар жерде, оған талас болмай тұрмақ емес, бірақ ел мүддесі деген қасиетті, атадан балаға мирас болып келе жатқан қазынаны сақтау, сірә, тарихтан алатын тағылым болса керек!

 

 

Ғарифолла ЕСІМ, сенатор, академик.
«Егемен Қазақстан» газеті №181 (25578) 22 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345