Бакиев отставкаға кететіндігі туралы өзінің мәлімдемесінен бас тартты
Алматы. 21 сәуір. ҚазТАГ – Қырғызстанның экс-президенті Құрманек Бакиев өзінің отставкаға кететіндігі туралы мәлімдемесінен бас тартатындығы туралы сәрсенбі күні Минскіде шет елдік БАҚ өкілдерінің алдында мәлім етті.
«Мен, Құрманбек Бакиев, Қырғызстанның заңды сайланған және әлем қауымдастығы мойындаған президентімін. Мені өзімнің берген антымнан бас тарттыратын ешқандай күш жоқ, және мені тек өлім ғана тоқтата алады», - деп айтқан Қырғызстан экс-президентінің сөзін «БЕЛТА» агенттігі келтіреді.
Қ. Бакиев «билікті басып алғысы келетін бандиттер өзгенің қалауын орындаушылар және оларда ешқандай заңдылық жоқ» деп атап көрсетті. «Қырғызстан ешкімнің колониясы болмайды. Менің халқым еркін болғысы келеді, және еркін болып, тәуелсіз мемлекетін құра береді», - деді ол.

Қ. Бакиев әлем қауымдастығын «бандиттердің билігін заңды деп мойындау арқылы басқарларға жаман үлгі көрсетпеуге үндеді». Ол халықаралық тәуелсіз зерттеулер жүргізуге және адам өліміне, тонаушылық пен ұлт аралық қақтығыстарға жол бергендерді жауапқа тартуға шақырды.
Қырғызстанның экс-басшысы ТМД басшыларына да үндеу жасады. «Біздің тәуелсіздігіміз бен еркіндігімізге жиырма жыл болған да жоқ. Дөрекі күштен тайсалмаңдар, сіздер өз халықтарыңыздың алдында жауаптысыздар», - деді Қ. Бакиев.
Ол сондай-ақ Қырғызстандағы тіршілікті Конституция аясына келтіріп, қырғыз халқының тағдырын бандиттердің айқындауына мүмкіндік бермейтініне уәде берді. Ол қырғыз халқы осы аласапыранды өздері жеңіп шығатынына сенімді.