Қазақстанның қажет кезде ЖЖМ-мен көрсеткен көмегінің арқасында көктемгі егіс жұмыстары жүргізіледі, дейді Бішкек
Бішкек. 14 сәуір. ҚазТАГ - Көрші елдердің, соның ішінде Қазақстанның көмегі болмағанда, Қырғызстанға ЖЖМ қоры 7-8 күнге ғана жететін еді, деп мәлім етті мұнай трейдерлері қауымдастығының президенті Базарбай Мәмбетов, деп хабарлайды «АКИпресс».
Оның айтуынша, Қырғызстанда ЖЖМ қоры, әсіресе дизель отыны таусылып барады. Алайда Қазақстанның гуманитарлық көмегінің арқасында бүгін 3 мың тонна ЖЖМ жеткізілді. Соның ішінде қажет дизель отыны Павлодар МӨЗ-інен әкелінді.
«Ешқандай да дүрбелең болған жоқ. Мұнай трейдерлері ЖЖМ жетіспеушілігіне жол бермейді. Диқандар көктемгі егіс жұмыстарын уайымсыз жүргізе алады, ЖЖМ жеткілікті. Алайда ЖЖМ көп көлемде емес, бөлшек саудамен және қажеттілік бойынша ғана сатылып жатыр», - деді Б.Мәмбетов.
Оның айтуынша, қазір Ресей жағымен кедендік баж салықтарын алып тастау туралы келіссөз жүргізілуде. Бұл мәселе 1 мамырға қарай шешілуі мүмкін.