Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 12189 0 пікір 16 Мамыр, 2014 сағат 13:39

18 МАМЫР «ТҮРКІ ЖАЗУЫ» КҮНІ


Биылдан бастап Қазақ елі 18 мамырды «Түркі жазуы» күні ретінде мерекелейтін болады. Қазақстан Республикасы Парламентінің шешімімен 18 мамыр «Түркі жазуы күні» деп жарияланды. Үкімет те бұл шешімді ресми түрде бекітті.Бұл біле-білгенге үлкен тарихи мәні бар оқиға. Осы уақытқа шейін «мәдениеті болмаған, жазу-сызуды біз үйреттік» деп менменсіп келгендердің көмейіне құм құйылары сөзсіз. Төрткүл дүниеге өздерін танытып, «МӘҢГІЛІК ЕЛ» болуды көксеген батыр бабалардың терең де тағылымды тарихын тасқа өшпестей етіп қашап жазғаны - түркі халықтарының да өлмес өркениет қалыптастырғанының бір ғана көрінісі болса керек. Осы ерекше күнге орай Түркі академиясының мұрындық болуымен алда тағы бір үлкен халықаралық іс-шара өтпекші. Мамырдың 19-20 күндері Астана қаласында «Түркі Жазуы» атты халықаралық форум басталады. Түркі Әлемі үшін ерекше маңызды ғылыми жиынға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан және өзге де түркітілдес елдерден көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, дипломаттар келмек. Ал Қазақстан жағынан министрлер, Парламент депутаттары мен бір топ ғалымдар қатысады. Бүгін барша түркінің қара шаңырағы – қазақ байтағында басталған ұлы мереке ұзамай түгел түркінің ортақ мейрамына айналарына сенім мол. Мерекелеріңіз құтты болсын! 

Түркі академиясының баспасөз қызметі

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467