Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5024 0 пікір 13 Мамыр, 2014 сағат 10:58

БЕЛАРУСЬ, МОЛДАВИЯ, ЛИТВА, РЕСЕЙ – ІШКІШ ЕЛДЕР

 ДДСҰ әлем елдерінің алкоголь тұтыну мөлшеріне сараптама жасаған. ҚазАқпараттың жазуынша зерттеу нәтижесі төмендегідей: Беларусь тұрғындары алкоголь тұтыну жөнінен (таза спиртке айналдырғанда) абсолютті әлемдік рекорд орнатып отыр. Елдің 15 жастан асқан әрбір тұрғыны  жылына орташа есеппен 17,5 литр таза спирт ішеді. Бұл орайда беларусь ер адамдар жылына 27,5 л, әйелдер - 9,1 л спирт ішеді екен. Алкоголь тұтынудан екінші орында молдавандар (жылына 16,8 л спирт), одан кейін литвалықтар (15,4 л) тұр. Ресейліктер болса төртінші орынға (15,1 л) жайғасқан. Әзірге алкогольді ең көп тұтынатын елдер Америка мен Еуропа елдері көрінеді. Алкогольді шамадан тыс ішу адамдарды 200-ден астам ауруларға соқтырғаны анықталған. ДДСҰ-ның мәліметінше жыл сайын алкогольді шамадан тыс ішуден 3,3 млн. адам қайтыс болтын көрінеді. Мамандардың айтуынша, әлемде халық санының өсуіне байланысты алкогольдан көз жұму арта береді, соның ішінде бұл індет дамушы елдерде өсе түспек.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1067
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2615
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 742
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 708