Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 12064 0 пікір 11 Мамыр, 2014 сағат 12:58

АЛМАТЫДА НАН ӨНІМДЕРІ ҚЫМБАТТАДЫ

Алматы қаласындағы Нан-тоқаш өнімдерін шығаратын «Ақсай нан» комбинатындағы барлық кондитерлік өнімдерінің құны 20 пайыз өсті. Қала бойынша қара нан, тоқаш, батон сынды нан өнімдерінің бағасына шамамен 30 теңге қосылмақ. Baq.kz-тің жазуынша  бағаның көтерілуіне ұн мен өзге қоспалардың қымбаттауы себеп болған. Бұл туралы «Ақсай-нан» ЖШС директоры Иван Денисов: «Комбинатта бағаның көтерілуі девальвациядан соң шикізат жеткізушілерінің өнімдердің бағасын қымбаттатып жібергеніне байланысты болып отыр. Қазір коммерциялық нан бағасы - 7, тоқаш - 10, ал кондитерлік өнім бағасы 20 пайызға дейін көтерілді», - деген. Ақпан айында девальвациядан кейін жасалған 4 жақты мемарандумда тек "әлеуметтік нан" бағасының дүкен сөрелерінде 61 теңгеден аспауы тиіс делінген. Алайда кәсіпкерлік басқармасының мамандары ұннан жасалған өнім құнын тұрақтай алмаймыз деп отыр. Дегенмен Алматы қалалық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Дамир Тазабек: «Қыркүйек айына дейін Алматы қаласында бөлке нанның бағасы қымбаттамайды. Біз бұл бағытта қадағалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - дейді.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5376