ҚАЗАҚТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҺӘМ ТӘРТІБІ
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» дейтіннің кезекті ХХІ сессиясы Астанада тағы өтті. Мемлекет басшысы сөз сөйледі. «21 ғасырдың ең басты заңы - татулық! Келісім - экономика мен саясаттың, қауіпсіздіктің, өмірдің заңы. Келісім мәдениеті Мәңгілік болуы керек» деген сөздер айтты.
«Мәңгілік» дейтін сөз біздің елде мызғымас сәнге айналып келеді. Ал, нағыз иманды мұсылман «мәңгілік» сөзінің тек қана Жаратқан Иемізге ғана қатысты екендігін жүрегімен берік сезініп, санасымен бекем түсінеді!
Біздің елде 60-тан астам БАҚ-тың 15 тілде жарық көріп, этномәдени орталықтардың 34 газеті мен 26 сайты шығатындығы айтылды. Ассамблея ел бойынша 820 этномәдени бірлестіктер қызметін шоғырландырып, 70 мың белсенділер мен 3 миллионнан асып жығылатын адамдарды қатыстырады. 25 мәжілісші ұлттық орталықтардан тағайындалған.
Әйткенмен: «Астана әкіміне даңқты генерал Иван Васильевич Панфиловқа ескерткіш орнату және астаналық жаңа көшелердің біріне оның есімін беру мәселесін қарастыруды тапсырамын» деген уәж - «Ұлы Отан соғысы» деп аталатын қасапта қыршын кеткен күллі қазақтың әруақты рухын қоздырғандай қолайсыз әсер қалдырды.
Қазақтың қайсар ұлы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы Баруыржан МОМЫШҰЛЫ атамыз:
««Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде»
Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде!» – деп күңіренгендей, көңілімді көлеңке басты...
Сосын, «Бүгінде Украинадан жетіп жатқан мәліметтерді жүрек сыздатпай оқу мүмкін емес. Бұл ел біздің ТМД бойынша жақын әріптестеріміздің бірі. Мыңдаған қазақ Украинада білім алды. Сіздер менің солардың бірі екенімді білесіздер. Онда мен металлург өнерін үйрендім. Сондықтан біз, қазақстандықтар, украин халқы үшін алаңдаушылық білдіреміз. Шовинизмді немесе ұлтшылдықты ашық неофашизмнен оп-оңай аттап кетуге болатындай өте әлсіз сызықтық ғана бөліп тұрғанын әркім де түсінуі керек» – деген дәргейлі дәлел көңілге медеу болғанымен: «Қазақстан Беларусьпен және Ресеймен бірге Еуразиялық экономикалық одақ құрады. Біз ХХІ ғасырда бірге технологиялық секіріс жасау үшін экономикалық одақ құрамыз. Үш ел жаһандық бәсекелестікке төтеп беруде бір-біріне көмектесу үшін интеграцияланады. Қазақстанның Кеден одағы елдерімен тауар айналымы ол құрылған уақыттан бері 88 пайызға өсіп, 24 миллиард доллар құрады. ...ХХІ ғасыр – интеграция ғасыры. Ұлттық мүдде тұрғысынан мұқият ойластырылған интеграцияға қарсы болу – заманауи үрдіспен дамуға қарсы болу. Ең дамыған елдердің барлығы бүгінгі биіктерге интеграция арқылы жетті. ...Біз – дамыған елдердің шаңын жұтуға емес, көшін бастауға ұмтылған елміз. Байбаламға салып, балақтан тартпай, байыппен ойлап, байсалды әрекет етсек жарасады. Интеграция – ел тәуелсіздігіне ешбір қауіп төндірмейді, керісінше, нығайта түседі. Ол нарықты кеңейтеді, алыс-беріс пен барыс-келісті арттырады, бәсекелік қабілетімізді шыңдайды. Орталық Азия елдері, Ресей, Қытай – біздің көршілеріміз, сондықтан, бізде қашанда ең жақын достық болған, бар және бола береді» деген тұжырымы – тұнжыратып-тұқыртпаса да, сенімімізге серпін бере алмады...
«Елордамыз Астана – толерантты этносаралық қатынастардың лайықты үлгісі болуы керек. Мұнда Тілдер туралы заңның барлық талаптары үлгілі орындалуы тиіс» екендігі түсінікті ғой, дегенмен, Тілдер туралы алғашқы заңнамаға 25 жыл толған елде мемлекеттік тілдің күнделікті қарым-қатынаста әдейі қолданылмай отырғандығын қалай түсінеміз?!.
...«Барлық қазақстандықтар – бір туған жердің балалары. Біз бәріміз – біртұтас Қазақстан халқының әртүрлі және бірдей балаларымыз. «Дамудың сыры – бірлікте, Табыстың сыры – тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қарашаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар – сол шаңыраққа шаншылған уықтар» – дейтін тамаша сөздер мен ұлықты ұрандарды күні кеше ғана ТМД-ның белді бір мүшесі болған тәуелсіз Украинаның зорлықпен басып алынған Қырым түбегіне барып айтсақ, қалай қабылдар екен?!.
Рас, бүгінгі әлем мейлінше тұрақсыз, барынша берекесіз. Сондықтан, «Саусақ ашса – қылдырық, жұмса – жұдырық» екендігін тек жердің иесі, елдің киесі қазақ ұлты ғана емес, жаттан жетіп, сырттан келген барлық ұлыстар ұғып, көкейлеріне берік түюге тиіс.
Иә, «Еңбек, жауапкершілік және тәртіп – тек осылай ғана бүкіл Қазақстан дами алады». Тек, бұл – қазақтың жауапкершілігі һәм орнатқан тәртібі болуы керек.
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА
Abai.kz