Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6600 0 пікір 28 Сәуір, 2014 сағат 11:39

KazSat-3 ЗЫМЫРАНЫ ҰШЫРЫЛДЫ

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «ҚазСат-3» зымыраны ұшырылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Айлақтан «ҚазСат-3» спутнигімен қатар «Луч-5B» спутнигін «протон-м» зымыраны алып ұшқан. Зымыран Астана уақыты бойынша 10:25 уақытында іске қосылды. Айта кетейік бұл Қазақстан атынан ұшырылған 3- жер серігі. Бұған дейін «ҚазСат-1» мен «ҚазСат-2» ұшырылған болатын. 2006 жылы ұшырылған «ҚазСат-1»  жұмысқа қаблетсіз болып қалған. Оның салдарынан 2009 жылы ұшырылуға тиіс «ҚазСат-2» 2 жыл кешіктіріліп 2011 жылы ұшырылды. Қазіргі таңда «ҚазСат-2» ойдағыдай жұмыс істеп тұр. Ал «ҚазСат-3»тың жұмыс істеу қабілеті алдыңғыларынан анағұрлым жақсы болады деп күтілуде. Алдын ала жоспар бойынша Қазақстандық телекоммуникация саласы үшін жұмыс істейтін «ҚазСат-3»тың жұмыс жарамдылығы 15 жыл. Аталған қазақстандық жер серіктерінің үшеуі де Ресейде жасалған.  

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499