Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3595 0 пікір 27 Сәуір, 2010 сағат 05:50

Тарихи сананың саралығын сақтайық

Қытай ақыны Ли Байдың қазақтың арғы тегіне еш қатысы жоқ екендігін abai.kz ақпараттық порталы мен «Қазақстан» саяси апталығы сергек жұрт сел етіп қарайтындай етіп жазып келеді. Алайда біздің арғы бергіні қалт жібермей қарап, қадағалап отыратын тарихшыларымыз тырс етпеген еді Есесіне либайтанушылар екпін алып тіпті «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде бір біріне сала құлаш хаттар жазысып, қарық болып жатты. Әйткенменде, «осы өзі қалай?» деп ойланатын да жұрт бар екен бізде. Оқып қараңыз:


Соңғы мезгілде бұқаралық ақпарат құралдары бетінде Қытай елінің ұлы ақыны Ли Байдың шыққан тегі мен әдеби мұрасына байланысты бірсыпыра мате­риалдар жарық көріп, қоғамда өзара қай­шылықты пікірлердің өріс алуына негіз болды. Мәселенің газет беттеріндегі жария­ланымдармен шектелмей, одан да кең ауқым алуы, яғни Алматыдағы «Әдебиет» баспа үйінен «Елімен қауышқан Елдібай ақын» (2008, 138 б.) және Қазақпарат» баспасынан Елібай. Ли Бай. Ли Бо» «2009, 502 б.) аталатын кітаптардың оқырман қауымға жол тартып, оларды шығаруға тікелей атсалысып жүрген кісілердің Қы­тай елінің ақынын ешқандай да дәлелсіз жеп-жеңіл түрде қазақ ұлты мен мәде­ниетіне жатқызуға құлшына кірісіп, түрлі әрекеттерді іске асырып жүргендігі бізге осы мәлімдемені даярлап, жариялауға мәж­бүр етті.

Қытай ақыны Ли Байдың қазақтың арғы тегіне еш қатысы жоқ екендігін abai.kz ақпараттық порталы мен «Қазақстан» саяси апталығы сергек жұрт сел етіп қарайтындай етіп жазып келеді. Алайда біздің арғы бергіні қалт жібермей қарап, қадағалап отыратын тарихшыларымыз тырс етпеген еді Есесіне либайтанушылар екпін алып тіпті «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде бір біріне сала құлаш хаттар жазысып, қарық болып жатты. Әйткенменде, «осы өзі қалай?» деп ойланатын да жұрт бар екен бізде. Оқып қараңыз:


Соңғы мезгілде бұқаралық ақпарат құралдары бетінде Қытай елінің ұлы ақыны Ли Байдың шыққан тегі мен әдеби мұрасына байланысты бірсыпыра мате­риалдар жарық көріп, қоғамда өзара қай­шылықты пікірлердің өріс алуына негіз болды. Мәселенің газет беттеріндегі жария­ланымдармен шектелмей, одан да кең ауқым алуы, яғни Алматыдағы «Әдебиет» баспа үйінен «Елімен қауышқан Елдібай ақын» (2008, 138 б.) және Қазақпарат» баспасынан Елібай. Ли Бай. Ли Бо» «2009, 502 б.) аталатын кітаптардың оқырман қауымға жол тартып, оларды шығаруға тікелей атсалысып жүрген кісілердің Қы­тай елінің ақынын ешқандай да дәлелсіз жеп-жеңіл түрде қазақ ұлты мен мәде­ниетіне жатқызуға құлшына кірісіп, түрлі әрекеттерді іске асырып жүргендігі бізге осы мәлімдемені даярлап, жариялауға мәж­бүр етті.

Ә дегенде-ақ, мынадай жағдайды ес­керткен жөн. Бұл арада сөз ұлы ақынның артында қалдырған мұрасының көркемдік құндылығы жөнінде емес. Әлемдік өрке­ниетте жеке ұлттарға тән ұлы ақындар мен ойшылдардың мұрасын жалпы адамзаттық құндылықтар санатына жатқызу дәстүрге айналған. Ли Бай сияқты ұлы шығарма­шылық иесінің мұрасы жөнінде де осы ойды айтуға толық негіз бар. Дегенмен, бұл арада әңгіме Ли Байдың шығармаларын қазақ тіліне күмәнді мүдделер тұрғысынан аударып, ақынның шыққан тегі мен эт­никалық тәндігіне байланысты ешқандай да дәлелсіз және негізсіз тұжырымдарға келіп, ол тұжырымдарын қоғамға кең та­ратып жүрген Мұхтархан Оразбай сияқты «аудармашы» мен оны ашық қолдап, дем берушілердің үйлесімсіз зиянды әрекеті жөнінде болып отыр.

Ли Бай (701-762 ж.ж.) Таң патшалығы (618-907 ж.ж.) дәуірінде өмір сүріп, бүгінде есімі әлем әдебиеті классиктері санатына қосылған Қытай елінің ұлы ақындарының бірі - Ли Бай мұрасы мен оның өмір жолын зерттеу ісінде үлкен тәжірибе жи­нақ­талып, іргелі дәстүр қалыптасқан, әл­денеше буыннан тұратын либайтанушылар мектебі бар. Ақынның шығармалары көр­кем ой­дың озық үлгісі ретінде қытай мек­теп оқу­лықтарына енген. Ал мыңжылдық тарихы бар либайтанушылар арасында ақынның Қытай ұлты мен мәдениетіне тәндігі жө­нінде екіұшты пікір жоқ. Ли Байдың туған өлкесі жөнінде ХХ ғ. бастап әрқилы бол­жамдар айтыла бастағандығына қарамас­тан, оның шыққан тегі жағынан Қытайдың ресми тарихына енген патшалар әулетіне тән Ли фамилиясы Қытай ұлты­ның пер­зенті екендігіне бұл елдің шынайы ға­лымдары ешқандай да күмән келтірген емес.

Соған қарамастан, ақынның шығарма­ларын қазақ тіліне аударушы Мұхтархан Оразбай деген азамат (өзін тарих ғылым­дарының докторы, профессор атаған) «Елі­мен қауышқан Елдібай ақын» (А., «Әде­биет » баспа үйі, 2008, 138 б.) аталатын кітабында «Либай Қытайда Таң деп ата­латын хандықтар дәуірінде, Түрік текті­лер­ден шыққан билеушілер Қытайды басқар­ған кезінде жасаған адам. Қазақша аты Елдібай еді. Ол Қытайда Либай деген ат­пен өлгеннен соң даңққа бөленген ақын. Тарихи жазбалар оны б.з. 701 жылы Тараз қаласына жақын жердегі Суяп (Шу) өзені жағасында Тоқмақ деген жерде туған, 762 жылы Қытайда қайтыс болған дейді», деп жазады. (28 б.)

Аудармашы кітабында Ли Байдың шық­қан тегі мен туған жеріне қатысты иланым­ды деректік материалдар келтірместен, оқыр­манды Ли Бай ақынның шығармала­рын қазақ еліне тән мұра ретінде қабыл­дауға шақырып «қазақ елінің аруақты ұл­дарының асқар рухы елге қайта оралғанда ғана, сол аруақты аталарының даңқты киесі жол бастағанда ғана, тұтас қазақ ұлты­ның ғаламат рухы қалыптаса береді. Сол күнді бүгіннен бастап қарсы алайық, ағайындар!» деген ұран тастайды.
Ау, сөз қадірін білетін ел емес пе едік.

Орнымен айтылған сөз ғана иесін тап­қан ғой. Ал мынау оңды-солды сапырма сөз кімге арналған?
Мұнымен шектелмей Мұхтархан мырза «қазақ ақыны» Либайдың мұрасының «өз еліне жаны ашитын білгір адамдардың аса ден қоятын зерделі көмектерінің арқасын­да елге жетіп, тұтас қазақ ұлтының рухани кәдесіне жарап» отырғандығын айтады. Ал енді 2009 жылы «ҚазАқпарат» баспасынан жарық көрген «Елібай. Либай. Ли Бо» аталатын кітаптан «Қытай еліне зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, мәлі­меттер жинап, оларды аудартып, бастырып шы­ғарған Өмірбек Байгелді» деген мәлі­метті кездестіреміз.

Қытай әдебиетінің классик ақыны Ли Байды жеп-жеңіл қазақ ете салу мұнымен аяқталмайды. Жақында ғана (19.11.09) «Қазақстан» телеарнасы арқылы ақынның шыққан тегі мен қалдырған мұрасына бай­ланысты осы жоғарыда айтылған мазмұнда түсініктер берілді. Осыдан бірнеше күн бұрын Тараз қаласында Ли Байдың қазақ тілінде жарық көрген шығармалар жина­ғының тұсаукесері болып өтті. Соңғы күн­дері «қазақ» ақыны Елдібайға арналған тұлғалы ескерткіш Шу бойында бой көтер­мек деген хабар да шығып қалды. Міне, осы келтірілген фактілер Ли Бай ақынды қазақ, ал оның мұрасын қазақ мәдениетіне жатқызу ісінде жоғарыда аталған кісілердің біраз жерге барып қалғандығын байқатса керек.
Жалпы, қытай ақындарын қазақ әде­биетіне телу әрекеті бұдан да бұрын орын алған. Мәселен, «Қазақстан» газетінің 2009 ж. 5 қараша (№40) санында жоғарыда аталған Мұхтархан Оразбай мен Дүкен Мәсімхан деген «қытайтанушылардың» әрекеті арқылы тарихта болмаған әлдекім­дердің саяси мақсатта ойлап тапқан Кег­менер Үлгеұлы деген «ақынның» өлеңдері­нің «Екі мың жылдық дала жыры» («Қазақ энциклопедиясы» баспасы 2000 ж.) атала­тын кітапқа және «Қазақ әдебиетінің қыс­қаша тарихы» деген оқулыққа еніп кет­кендігі жөнінде мәлімет берілді.

Тәуелсіздік жылдары таяу және алыс шетелдерден біраз зиялы қандастарымыз елімізге оралып, қоғамдық өмірімізге бел­сенді түрде араласуда. Мәселен, олар «Мә­дени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ісіне қомақты үлестерін қосуда. Бұл, әрине көңілде ризашылық сезім туғы­затын жағдай.

Сонымен бірге ғылым мен шығарма­шылық өте нәзік еңбек салалары екендігі, ал оларға атсалысу кез келген адамнан үлкен кәсіби даярлық пен жауапкершілікті талап ететіндігі белгілі. Мұндай талапты ескермеу кімді де болса опық жегізері хақ. Ли Бай ақынның мұрасына байланысты да осыны айтпақ ойдамыз.

Белгілі бір шығармашылық иесінің артына қалдырған мұрасы мен өзінің белгілі бір ұлтқа тәндігін анықтау алдымен ғылыми зерттеу жұмыстары арқылы жү­реді. Сондай-ақ ондай іс ұзақ жылдық әрі іргелі ізденісті талап етеді. Бұл әлемдік ғылым мен мәдениетте қалыптасқан және қабылданған сан ғасырлық дәстүр. Олай болса бұл ғылыми этиканы мойындамауға немесе тәрк етуге ешкімнің де хақысы жоқ.

Міне, осы жағдайды ескере отырып, біз қазақ қоғамының ресми деңгейде өз тарихына сыни көзқараспен қарай алатын­дығына сенгендіктен, Қытай елінің ұлы ойшыл ақыны Ли Байды қайсыбір «тарих­құ­­мар­лар» мен «аудармашылардың» жеп-жеңіл қазақ ұлтының мәдениетіне жатқыза салуларын ғылыми этикаға үйлеспейтін әрекет ретінде бағалап, БАҚ құралдары мен баспа орындарын қоғамның тарихи жадына жағымсыз, кері әсері болмақ мұн­дай әрекеттерге жол бермеуге, қоғамның тарихи танымын қалыптастыру ісінде эти­калық нормаларды сақтауға шақырамыз.

Сөзіміздің соңында бүгінгі күнге дейін қазақ баспасөзінде жарияланған түрлі ба­ғыттағы зерттеулер мен даулы мәселелерге талдау жасап, дұрыс қорытынды жасау үшін Білім және Ғылым министрлігіне қарасты мекемелер тарапынан арнайы сарапшы топ құрылуы керек. Сондай-ақ ғылыми этиканы белден басып, ұлттық, мемлекет­тік мүддеге арандатушы әрекеттер жасаған тарихшы Мұхтархан Оразбайдың «Доктор­лық-профессорлық» ғылыми атақ дәреже­сіне қатысты құжаттарын тексеріп, тиісті шара қолдануын айрықша атап көр­сеткіміз келеді.

Құрметпен:


Қазақстан тарихшылары қауымдастығы мен әдебиетшілері атынан:
Академик М.Асылбеков,
профессор М.Қойгелдиев,
профессор З.Қинаятұлы,
мемлекеттік сыйлық иегері профессор М.Мырзахметұлы,
профессор М.Хафизова,
профессор Т.Омарбеков,
профессор Н.Мұхаметханұлы.

Қытай тілінің маманы, аудармашы-журналист: Ә.Дайырбай

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299