Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 7689 0 пікір 23 Сәуір, 2014 сағат 13:35

«ТАЛҒАР БАЗАР»: «ҚАЗАҚСТАН – РЕСЕЙДІКІ»

Алматы облысының аумағындағы Талғар қаласынан шығатын орыстілді «Талгар-базар» газеті айдың-күннің аманында «Қазақстан Ресейге»  (Казахстан к России) деген тақырып қойып, тыныш жатқан елді шу-шұрқан етті  («Талғар-Базар» газеті № 15, 17 апрель, 2014 жыл).  Тіпті, «Ресей Шығыс Қазақстанды қосып алғысы келеді» деп «сүйінші» сұрапты аталған газет (суретте).

 «Абай» порталының редакциясына телефон шалып, электронды поштасына хат жазған оқырмандар «мұндай жолсыздықты жазасыз қалдырмау керек»  деп шыр-пыр болуда.  Біз газет редакциясына хабарласып, Раушан есімді журналистпен тілдестік. «Өткен бейсенбіде жарық көрген ол мақала редакциямыздың қателігі. Сондықтан газетіміздің бүгінгі санында оқырмандарымыздан кешірім сұрап отырмыз», - дейді ол.

Хакастық Штыгашев дегеннің сөздерінен «құрап шыққан» мақаланың мазмұны – «Шығыс Қазақстанның Ресейге қосылуын 80 пайыз халық қалап отыр, бұл тарихи әділеттілік» дегенге саяды. Сөйтіп, жарнамамен «жан бағып» жүрген аудандық орыстілді газеттің өзі тәуелсіз Қазақстанның территориялық тұтастығына сызат түсіретін, елдің тыныштығын бұзатын ірткі мақалаларға орын бере бастады. Ал, қазақстандық билік тайлы-таяғы қалмай «Аңыз адам» журналының артында жүр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377