Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5524 0 пікір 23 Сәуір, 2014 сағат 13:10

НАТО-НЫҢ ӘСКЕРИ КЕМЕСІ ҚАРА ТЕҢІЗДЕ ЖҮР

Қара теңізге АҚШ әскери кемесі кірді деп хабарлайды «Азаттық» радиосының сайты.  Кеме кеше Босфор бұғазы арқылы жабық теңізге шыққан. Жыл басынан бері Түркия үкіметінің рұқсатымен АҚШ әскери кемелері бірнеше рет Қара теңізге шықты. Сочи олимпиадасы қарсаңында АҚШ-тың  «қауіпсіздікті» қамтамасыз етуге келген «Тейлор» әскери кемесі Қара теңіздің Түркия жағалауында сынып, Самсун қаласында қайрандап қалған еді. Осы кемеге байланысты Ресей қорғаныс министрі Серегй Лавров сәуір айының басында Түркия мен АҚШ-ты 1936 жылғы Монтре конвенциясын бұзды деп айыптаған. Конвенцияда шетелдік кемелер Қара теңіз аумағында 21 күннен артық болмауы туралы шарт бар. «Тейлор» осы мерзімнен артық уақыт Қара теңізде болды. Қара теңізге әкелген АҚШ-тың келесі кемесі НАТО бойынша одақтастарының "қауіпсіздігін қорғау туралы міндіттемелеріне адал екенін" білдіру үшін кіргізілген. Айта кетейік  өткен аптада Украинаның Батькивщина партиясының лидері, президенттіктен үміткер Юлия Тимошенко АҚШ-тан әскери көмек сұраған болатын. АҚШ аталмыш сұранымға арнайы жауап қатпады. Әрі кеше Украинаға келген АҚШ вице президенті Джо Байден Тимошенкомен кездеспеді. Сәйкесінше Тимошенко бүгінге жоспарлаған АҚШ-қа сапарынан бас тартты. 

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381