Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4826 0 пікір 15 Сәуір, 2014 сағат 10:39

Батыс баспасөзіне шолу: «Ресей күйреудің қарсаңында тұр»

Батыс баспасөзі Ресей Украинаның шығысына бас көктеп кіріп алған да сияқты және оның қазіргі іс-әрекеті «жат қолындағы тудың астында» болған Қырым оқиғасын қайталауға ұқсайды» деп жазады.   Шығыс Украинадағы әкімшілік үйлерін Ресейдің арнайы жасақтары басып жатыр ма, әлде Ресейдің дайындығынан өткен украиндіктер иемденуде ме?  Бір нәрсе анық: Путиннің мақсаты – «жалған дипломатияның мүмкіндігін пайдаланып» соғыстан кейін Еуропамен арадағы шекараны Ресейдің ыңғайына шешіп алу, дейді Батыс баспасөзі.

 

«Украинадағы қақтығысты енді тоқтату қиын болуы мүмкін. Егер Обама мен Керридің уәдесіне орай АҚШ қажетті шараларды қолданбаса, Украинадағы әзірге бар қалған-құтқан сенімнен айрылады. 13 сәуірде басталған соғыс жалғаса берсе, Вашингтон Киевті «қанатсыз» құралдармен және қару-жарақпен қамтамасыз етуі тиіс. Егер украиндықтар өз Отандары үшін соғысуға мәжбүр болса, оларға көмектесу қажет», - деп жазады  The Washington Post.

Қырымды үнтүнсіз жауалап алғанын ескерте келе  The Wall Street Journal Ресей Украинаның шығысына басып кірді дейді.

«Бұл реттегі айырмашылық  Украина барлық күшін жұмылдырып, қарулы күштерін «Шығыстағы антитеррорлық әрекеттерге жұмсайды» дейді аталған басылым. 

  «Ресей Украинаның территориясын тағы да құпия түрде басып алды, - деп хабарлайды The Times. – Үкімет үйлеріне кіріп «жайғасқандар» Ресейдің арнайы жасағы болып киініп алғандар ма, әлде, Мәскеуден дәріс оқып дайындалған жергілікті украиндықтар ма, ол енді маңызды емес. Олардың ендігі мақсаты – 25 мамырда сайлануы ықтимал билікті болдырмай, Украинада тұрақсыздық қалыптастыру».

«Жат тудың астында іс-қимылдар» жасау әрекетінің «ең іргелісі» заманауи тарихта 1939 жылы болған еді. Поляктардың әскери киімін киген неміс солдаттары немістің радиостансаларына шабуылдар жасады. Міне, осы жайт Гитлердің Полшаға басып кіруіне себеп тудырды. Путин, әрине, өзін нацист диктатормен қатар қоюды қаламайды, сондықтан ол өзін қалыпқа сай ұстай білуі керек» деп ескертеді The Times

 «Владимир Путиннің Украинаға қатысты қолданып отырған тактикасында мін жоқ, алайда, стратегиялық тұрғыдан ол алысты көздей алмауда», -  делінген The Independent басылымының редакциялық мақаласында. Мақалада сондай-ақ, Украинаны үрейлендіріп  отырған Ресейдің дөрекі, деспот ел екендігі туралы Батыста бұрыннан қалыптасқан пікірдің күшейе түскені айтылады.

«Украинадағы дағдарысқа Путин күштілігінен емес, әлсіздігінен болып араласты. Бұнысымен ол Югославия Республикалар одағынан сербтің үлкен державасын жасамаққа әрекеттеніп, ақырында меншігіндегі компартияның күйреп тынуымен аяқталған Слободан Милошевичті ойымызға оралтады», - деген сөздер бар The Independent басылымының редакциялық мақаласында.

«Бір кездегі Югославия сияқты Ресей қазір құлаудың қарсаңында тұр» деп қортындылайды  The Independent басылымы өзінің редакциялық мақаласын.

Батыс баспасөзіне шолу жасаған – Abai.kz  

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440