Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Масқара! 11266 0 пікір 10 Сәуір, 2014 сағат 11:22

Рогозин: «Ресей соғыса қалса, АҚШ-қа 6 сағатта тізе бүгеді»

Ресейдің вице-премьері Дмитрий РОГОЗИН өткен жұмада болған «Қуатты болу: Ресейдің ұлттық қауіпсіздігінің кепілі» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеп: «АҚШ біздің ядролық әлеуетімізді бірнеше сағатта жойып жібере алады» - деп АҚШ-пен болатын соғыстың Ресей үшін мейлінше қайғылы суретін сызып берді. Бұдан басқа ол Ресейге қатердің бес түрін атапты. «Кейбір базалық технологиялар бойынша елдің Батыстан кенжелеуі ондаған жылмен есептелетінін» мойындапты.  «Соңғы он жылдан аса уақыт ішінде АҚШ жаһандық жасындата соққылау тұжырымдамасын әзірлеуде. Бұл тұжырымдама ядролық емес қарумен планетаның кез келген нүктесін бір сағат ішінде соққылауды қарастырады», — дейді Рогозин. «Былтырғы жылдың соңында Пентагонда өткен соғыс ойынының нәтижесіне қарағанда, 3,5—4 мың аса дәл қарумен АҚШ 6 сағат ішінде қарсыластың негізгі инфрақұрылымдық нысандарын жойып, оның қарсыласуға мұршасын келтірмейтіні мәлім болып отыр, — деп дызақтады ресейлік үкімет басының орынбасары.

Дми́трий Оле́гович Рого́зин (1963, Москва) —дипломат, философия ғылымдарының докторы. 2011 жылдан бері Ресей үкіметі төрағасының орынбасары, үкімет жанындағы әскери-өнеркәсіп комиссиясының  төрағасы, үкіметтің Теңіз алқасының төрбасшысы, РФ Мемлекеттік шекара комиссиясы мен Экспортты бақылау комиссиясының басшысы.

 

Сырым Дат

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1033
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2579
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 719
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 683