Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4604 0 пікір 10 Сәуір, 2014 сағат 11:14

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚАЗАҚ ҮЙДІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛЕДІ

    

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 2014 жылғы 10 сәуірде Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2014 жылы шығарылатын «Абайтану әліппесі», «Даналық әліппесі», «Электронды қазақ үй» және басқа да интерактивті өнімдердің тұсаукесер рәсімін өткізеді.

Тұсаукесер рәсімі Мәдениет министрі А.Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылады.

         Шараға Мәдениет министрлігінің жауапты қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, филолог-ғалымдар, елімізге танымал қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және оқырман қауым қатысады.

Шара аясында барлық шығарылған өнімдердің көрмесі ұйымдастырылады.

         Тұсаукесердің ішінде «Ұлас-Электрон»ЖШС-ның алғашқы өнімі «Электронды қазақ үй» жобасы да бар. Ол – иісі қазақтың игілігіне жарайтын таңдаулы заманауи тәрбие құралы. Киелі Қазақ үйдің кішірейтілген нұсқасына бесік жыры, ертегілер, балалар әндері, халық және халық композиторларының ән-күйлері, терме-толғаулар, отаншылдық рухтағы әндер, Абайдың 45 қара сөзін қамтыған 1200 мазмұн енгізілген. Ол – бабаларымыздың бізге жеткен бай рухани мұраларын бүгінгі және келешек ұрпаққа жалғайтын дәстүрлі үлгідегі заманауи электронды құрал. Әдебиетіміз бен мәдениетіміздің, дәстүрлі дүниетанымымыз бен музыкалық мұрамыздың жауһарларын жалпақ жұртқа насихаттайтын ұлттық өнімнің тәрбиелік, тағылымдық қызметі басым, сапасы жоғары деңгейде, мазмұны бай, әр саланың жілігін шағып, майын ішкен кәсіби, майталман  мамандарының кеңесі негізінде дайындалған. Ол әр қазақтың тілдік, сөздік қорын молайтын, ұлттық музыкаға деген ықыласын арттырып, рухын көтеріп, танымын арттырады. Рухани байлығымызға деген азаматтық құрметімізді жаңа сатыға көтереді.

Ұйымдастырушы: ҚР Мәдениет министрлігі

«Электронды қазақ үй» жобасының авторы: Ғалымбек Қызырбекұлы

Жауапты редакторы: Жарқын Сәленұлы

Орны мен уақыты: Ұлттық академиялық кітапхана, Астана, 10 сәуір, 2014 жыл

ABAI.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406