Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7476 0 пікір 7 Сәуір, 2014 сағат 11:00

РИДДЕР "ЖҰТЫП" ЖАТЫР

 

5 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жер қыртысы опырылып, Боровая көшесінде орналасқан №5 үй ізім-қайым болған(суретте). Бақытқа жарай, апат кезінде үш адам сыртқа шығып үлгерген.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Риддерде пайда болған шұңқырды бетонмен жабу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, қауіпті аймақта 12 үй, 1 дүкен, 4 жер телімі орналасқан. 25 адам, оның ішінде 5 бала «Қазцинк» ЖШС қонақ үй кешеніне орналастырылыпты.Сондай-ақ, 480 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Сөйтіп, асты кенішке толған Риддер айдың-күннің аманында "тозаққа" айналып отыр... Қалаған уақытында баспанаңмен қосып жұта салады. Өйткені, қуыс жердің қашан опырылатынын, қай жері опырылатынын бір Алла ғана біледі. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375