Жұма, 6 Желтоқсан 2024
Абай.tv 16782 0 пікір 24 Наурыз, 2014 сағат 11:34

Қытайдағы “Алашорда ақыны” – Таңжарық Жолдыұлы (деректі фильм)

 

 

Таңжарық Жолдыұлы(1903-1947) – Қытайдағы қазақ әдебиетінің негізін қалаушы. Ол – Шыңжаң өңірінде алғашқы қазақ газетін шығарып, театр ашқан, ұстаздар жасақтап, мектеп салдырған ағартушы. Ең бастысы, Таңжарық – Әлихан Бөкейханов бастаған «Алашорданың» Қытай жеріндегі өкілі болды. Бұл күнде ақын шығармалары көптеп жарық көріп, ұлт руханиятына қосқан ұланғайыр еңбегі жайында том-том зерттеулер жасалуда. Қалай десек те, Алаш азаттығы үшін жанын пида еткен Таңжарық есімі қазақ жұртымен бірге жасай беретіндігі сөзсіз.

5444464

Аса мәртебелі оқырман! Ұсынылып отырған деректі фильм Алаш идеясының Қытай аспанында жанған жұлдызы  іспетті Таңжарық Жолдыұлының келте ғұмырынан сыр шертеді.  Сол кездегі Шыңжаңды билеген Шың Шысай өкіметінің қазақ зиялыларын түрменің түбінде шіріткен жауыздықтары ашық баяндалады.

Барсаңдар Үрімжінің қаласына,

Көзің сал қалтарыс, сай-саласына.

«Ұмытпа, өле-өлгенше осыны» деп,

Тапсырып кет балаңның баласына!

- деп өсиет қалдырған ақынның болашақ ұрпаққа нені «ұмытпа» дегенін жан төзгісіз азаптаулар бейнеленген фильм арқылы анық біле аласыздар…

Ақын не үшін Қазақстанға келді? Не үшін ат басын кері бұрды?

Шыңжаң қазақтарына нені насихаттап, нені үйреткісі келді?

Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары Таңжарық өлеңдерінен қалай көрініс тапты?

Ақын тағдыры туралы Қабдеш Жүмәділов, Нәбижан Мұхаметханұлы, Шара Таңжарыққызы, Тұрлыбек Мамесейіт не дейді?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Таңжарық тағылымы жайында не айтты?

Бұл сұрақтардың жауабын осы деректі фильмнен таба аласыздар.

1458612_590681624315157_929259838_n

«Таңжарық Жолдыұлы» деректі фильмінің режиссері – осыған дейін «Күлтегін», «Ермұрат Зейіпханұлы» деректі фильмдерін түсірген белгілі тележурналист, майталман дубляжшы Әсемғазы Қапанұлы.

Ақын тағдыры туралы  Бауыржан Омарұлының «Таңжарықтың тағдыры» атты мақаласынан оқуларыңызға болады (http://qamshy.kz/?p=4713).

«Қамшы» сілтейді

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1457