Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
46 - сөз 8808 0 пікір 21 Наурыз, 2014 сағат 17:26

Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі

Ахмет Байтұрсынұлы:

Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар  ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс  я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып,  балалар әбден дағдыланғандығын  кейін басқаша  оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай  сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі  ана тілімізбен  оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз.

***

Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.     

***     

XX ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті.

***                                                                                                                               

Әліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы.

***

Қазақ әлдеқашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету жағынан орыстікінен, немістікінен, француздікінен, ағылшындікінен оңай, оңтайлы.   

***    

Құл болған халықтан туып, құлдықтың қорлық-зорлығын көрiп отырып, қазақ қалам қайраткерлерi қаламын ұлтының ауырын жеңiлдету, ауруын азайту жолында жұм­самауы мүмкiн де емес. Олай болмаған болса, онда табиғат заңынан тысқары, адамнан шошқа, шошқадан күшiк туған сияқты болып шығады.

***

Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.

***

Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2025