“ЕҢЛIК-КЕБЕКТЕГI” ЕСПЕМБЕТ КIМ?
Алдымен атап өтер жайт аталмыш оқиға әдебиет тарихында мүлде белгiсiз дүние емес. Еңлiк-Кебек оқиғасы туралы алғаш мағлұмат мерзiмдi баспасөз бетiнде 1892 жылы “Дала уалаяты” газетiнде 29,31,34-40 сандарында “Қазақтардың естерiнен кетпей жүрген бiр сөз” деген атпен жарияланды. Соңына “Ұмытылған” деген бүркеншiк ат қойылыпты. Мұны жазған Абай Құнанбаев деген болжам бар. Бұл пiкiрдi алға тартушы ғалым-жазушы Мұхтар Мағауин. Ал “Ұмытылған” деген бүркеншiк атты Шәкерiм Құдайбердiұлы да пайдаланғаны аян. Кейiннен бұл оқиға 1891 жылы тағы да сол “Дала уалаяты” газетiнiң 45-50 сандарында “Қазақ турасынан хикая” деген тақырыппен жарық көрдi.
Еңлiк-Кебек оқиғасына арнап Абай тапсырмасы бойынша кезiнде Мағауия Абайұлы Құнанбаев “Еңлiк-Кебек”, Шәкерiм Құдайбердiұлы “Жолсыз жаза” атты дастандар жазған. Соңғы дастан 1912 жылы Семей қаласындағы “Жәрдем” баспаханасынан жеке кiтапша болып жарық көрген.
“Дала уалаяты” газетiнiң беттерiнде басылған әңгiмеде матай қызы Еңлiктiң айттырып қойған жерi – Керей елi деп келтiрiлген. Еңлiктi алып қашқан Кебек екенiн бiлген матайлар Тобықты жағына сұрау салса да, кейiнгi жақ бәтуаласудан бас тартады. Үш ай олар ешқандай мәмiле ұсынбайды. Тауы шағылған матайлар керейлерге барады. Олар: “Еңлiктi қашырған қыздың әкесi, бұл шаруаны өздерiң шешiңдер”, – деп бұлаң құйрыққа салады.
Алдымен атап өтер жайт аталмыш оқиға әдебиет тарихында мүлде белгiсiз дүние емес. Еңлiк-Кебек оқиғасы туралы алғаш мағлұмат мерзiмдi баспасөз бетiнде 1892 жылы “Дала уалаяты” газетiнде 29,31,34-40 сандарында “Қазақтардың естерiнен кетпей жүрген бiр сөз” деген атпен жарияланды. Соңына “Ұмытылған” деген бүркеншiк ат қойылыпты. Мұны жазған Абай Құнанбаев деген болжам бар. Бұл пiкiрдi алға тартушы ғалым-жазушы Мұхтар Мағауин. Ал “Ұмытылған” деген бүркеншiк атты Шәкерiм Құдайбердiұлы да пайдаланғаны аян. Кейiннен бұл оқиға 1891 жылы тағы да сол “Дала уалаяты” газетiнiң 45-50 сандарында “Қазақ турасынан хикая” деген тақырыппен жарық көрдi.
Еңлiк-Кебек оқиғасына арнап Абай тапсырмасы бойынша кезiнде Мағауия Абайұлы Құнанбаев “Еңлiк-Кебек”, Шәкерiм Құдайбердiұлы “Жолсыз жаза” атты дастандар жазған. Соңғы дастан 1912 жылы Семей қаласындағы “Жәрдем” баспаханасынан жеке кiтапша болып жарық көрген.
“Дала уалаяты” газетiнiң беттерiнде басылған әңгiмеде матай қызы Еңлiктiң айттырып қойған жерi – Керей елi деп келтiрiлген. Еңлiктi алып қашқан Кебек екенiн бiлген матайлар Тобықты жағына сұрау салса да, кейiнгi жақ бәтуаласудан бас тартады. Үш ай олар ешқандай мәмiле ұсынбайды. Тауы шағылған матайлар керейлерге барады. Олар: “Еңлiктi қашырған қыздың әкесi, бұл шаруаны өздерiң шешiңдер”, – деп бұлаң құйрыққа салады.
Тағы да екi-үш ай өтедi. Тобықтылар жоңғарлармен шайқаста жүрген Кебектiң немере ағасы Тоқтамыс батырдың келуiн күтейiн деп тайсақтай бередi. Тобықтылардың мұндай енжарлығына намыстанған матайлар өре түрегелдi. Оларға сыбандар қосылады. Сөйтiп, матайлар жағы Еңлiк пен Кебектi ұстап беруiн, екеуiң де өлiм жазасына кесiлуiн талап етедi.
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1917 жылы Ералы жазығында қойған “Еңлiк-Кебек” пьесасының негiзiне Шәкерiмнiң жоғарыда аталған дастандағы үлгiнi арқау еткен. Бұл туралы сол кездегi мерзiмдi баспасөз беттерiнде “Игiлiктi iс” деп басылған мынадай қысқаша хабар-мақала жарияланыпты:
“Өткен мамыр айының аяғында бiр жерде отырған Абайдың он шақты ұлының он төрт, он бес жасы игiлiк мақсатпен бiр ұйым ашты.
Ұйым аты “Талап” болды. Ұйымға кiрген талапты жiгiттердiң алды жүз онбес теңгеден ықтиярлы жарна салып, бес жүз теңге ақша жинады. Бұдан басқа ұйым мүшелерi ай сайын үш теңгеден берiп, ұйым қазынасын толтыра беруге мiндеттi болды.
Бұл ұйымның ашылғандағы әзiргi көздеген мақсаты, әлдерi келгенше кiтап бастыра бермек. Онан соң бұл ұйым жiгiттерi Шәкерiм қажының “Еңлiк-Кебек” дастанын сахна түрiне айналдырып, Тұрағұл Құнанбаев мырзаның бiр қыз ұзатқан тойында көрсетiлiм жасап, ойын көрсеттi. Мұны iстегендегi парызы – жиналған ақшасын Құлжадағы аш-жалаңаштарға жiбермек едi.
Екi үй қатарластырыла тiгiлдi. Билет құны елу тиын болды. Ойын басталар алдында семинарист Мұхтар Әуезов пьеса көрсетiлiмiнiң мақсаты туралы сөз сөйлеп, болар iспен таныстырды”.
(“Сарыарқа” газетi, №2, 1917 жыл, 19 шiлде).
Әр өнердiң өз қисыны мен шындығы бар. Матайлар жағының өктемдiгiн өсiре көрсету үшiн М.Әуезов сахараның Кеңгiрбай сынды кесек сөз иесiне қарсы оған дәрежелес өз ортасының көкжалы Еспембет бидi ойдан қосып көрермен алдына шығарады. Дәл осындай мақсатпен еш қатысы жоқ батыр Есендi Еңлiкке “әмеңгер” етiп, оны Кебекке “өлтiртедi”. Анығында жоғарыда келтiрiлген “Дала уалаяты” газетiнiң екi басылымында да Есеннiң де, Еспембеттiң де есiмдерi кездеспейдi. Бұларда Еңлiк пен Кебектен басқа төрт адамның аттары ғана аталады. Олар: Тоқтамыс – Кебектiң аталас ағасы, Қабанбай батыр – Еңлiктiң туған нағашысы, Нысан – абыз және тобықты биi – Кеңгiрбай.
Пьесадағы оқиғаның үдеп барып, барынша асқынған шарықтау шегi найман мен тобықты билерiнiң тоқайласуларын бейнелейтiн сахналық көрiнiс. Бұл тартыс, әсiресе, Көбей мен Еспембет арасында қатты ширығады. Екi би де ағып тұр. Сөздерi жаттанды, жасық емес. Керiсiнше, қорғасын оқтай тиген жерiн ойып, тесiп жатқан сөздер. Аспанда шапшыған ашу да, қапияда жол тапқан тапқырлық та, өрiсi биiк ой да, бұлтартпас қисын да, кегежеден тартқан кесiрлiк те – бәрi бар. Қысқасы, қиыр-тыртысты характерлердi дәл бейнелейтiн тамаша драмалық тiл.
Амал не, сөздiң майын тамызғанмен, кеселдi түйiн шешiлiп, кердiң мойыны кесiлерге келгенде Көбей табан тiреп тұра алмайды. Еспембет салмағымен басып, ақыры Кебектi Еңлiкпен қоса құрбандыққа шалады. Драманың жанр ерекшелiгi, сахна шарты осыны талап еттi. Көркемдiк тұспал әсерлi шығуы үшiн Кеңгiрбай мен Көбей секiлдi тобықтының тұлғалы билерiн дегенiне көндiретiн, өктем сөйлеп, қос ғашықты қатыгез жазаға тартатындай қатал да беделдi қарсылас жағымсыз кейiпкер керек болды.
Дәл осындай тәуекелге Әуезов ерiксiз барған. Онсыз пьеса толыққанды болып шықпай, тартыс та солғындап, тек аңыз ретiнде қалады. Мiне, осы арада драматург ойына Еспембет есiмi оралады. Шындығында Еңлiк-Кебек оқиғасының алды-артында, қалың найман iшiнде Еспембет атты би болмаған. Керiсiнше, дәл осы аттас батыр сол кезде өмiр кешкенiн кейбiр деректер дәлелдейдi.
Ендеше, Әуезов пьесасындағы Еспембет кiм? Қай дәуiрде өмiр кешкен?
“Сахнадағы билердiң айтысын, олардың келеге түскен кезiндегi iс-әрекеттерiн, ортаға қамшы тастай берiп кезек алатынын, ара бидiң өзiн қалай ұстау керектiгiн, тiптi, олардың сөздерi мен технологиялық дайындығын Мұхтарға айтып жаздырған Тұрағұл екенiн ескерсек, Еспембет есiмiн атаған да сол деп күмәнсiз сенуге болады”.
Бұл деректi тұңғыш iздеп табушы және әдеби айналымына түсiрушi – мұхтартану саласында аянбай тер төгiп жүрген жас сыншы Тұрсын Жұртбаев. (М.Әуезов шығармаларының елу томдығы, 1 том, Алматы, “Ғылым”, 1997, 420-421 беттер).
Ендеше, алдымен Тұрағұлдың кiм екенiн атап өткен жөн. Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев (1876-1934) – Абайдың екiншi әйелi Әйгерiмнен туған ұлы. Ақылбай, Әбдiрахман, Мағауия сынды ағаларына ұқсаған бұл да кезiнде сауаты басым, әдебиеттi сүйгiш жан. Ол М.Горькийдiң “Челкаш”, А.Неверовтың “Мен өмiрге жерiкпiн”, Джек Лондонның “Балалар туралы ертегi” атты әңгiмелерiн орысшадан қазақшаға аударып бастыртып шығартқан. Әкесi, ағалары дүниеден өткеннен кейiнгi уақытта ел ортасының сөзiне араласқан Тұрағұл жас Мұхтарға әкесi Абай жайында, алыс-жақын ел тарихы туралы бiрталай танымдық әңгiмелер айта жүрсе керек. Кейбiр деректерге қарағанда, М.Әуезов “Еңлiк-Кебек” пьесасын жазған кезде оған келiстi кеңесшi болғандардың бiрi – осы Тұрағұл екен.
Әдiлiнде, Еспембет – халық арасында аңызға айналған Абылайхан батырларының бiрi болған. Асқан мерген, садақшы болып, барлау тобын басқарған, бар өмiрiн ат үстiнде өткiзген ержүрек адам. Кезiнде тапқырлығы мен өжеттiлiгi үшiн Абылай мен Қазыбек би оған “Адақ” деген ат берген. Сондықтан да болар, 19 ғасырдағы қазақ ауыз әдебиетiнiң көрнектi өкiлдерiнiң бiрi, Еспембетке бiртабан жақын ақын Дулат Бабатайұлы (1802-1871) “Еспембет” атты ұзақ дастан жазып кеткен. Бұл дастан:
Ер Еспембет кешегi,
Ерекше едi деседi.
Тiл бiткеннiң шешенi,
Үлгi айтса көшелi,
Жауға шапса көсемi, – деп басталса,
Өле-өлгенше ел болды,
Еспембеттiң арманы.
Еспембеттей ер қайда,
Ер күтетiн ел қайда, – деп аяқталатын бұл ұзақ жырда басынан аяғына дейiн батыр Еспембет ерлiгi асқан шабытпен келiстi кестеленедi.
Дулаттың Еспембетке бiр табан жақын деуiмiздiң де салмақты себебi бар. Өйткенi, дастанның бас кейiпкерi Еспембет те, оны жырға қосушы Дулат та Аягөз өңiрiнiң тумасы. Егер мұны тереңдете таратсақ екеуi де Орта жүздегi Найман руының Қаракерей деген тобынан тарайтын Сыбан әулетiнен шыққандар. Бұдан бергiсiн бiлiктесек батыр Еспембет те, ақын Дулат та осы сыбанның Жарасқұл деген ұлының ұрпақтары. Еспембет Жарасқұлға немере болса, Дулат оның шөбересi. Өйткенi, Дулаттың үлкен әкесi Досым мен Еспембет бiр кiсi – Қойбас балалары. (“Ақтайлақ би”, Журналист студиясы, Алматы, 1991, 89 бет). Қысқаша қайырып айтқанда, Еспембет осы әулеттiң 18 ғасырдағы тұлғалы тумасы болса, Дулат оның 19 ғасырдағы парасатты перзентi.
Өзiнен 80-90 жылдай бұрын туып, бар саналы өмiрiн ел қорғауға арнаған Еспембеттiң сол өмiрiн Дулат өрелi өлең өрнегiне арқау еткен. Дастанда баяндалғандай, Еспембеттiң әкесi Қойбас жоңғар басқыншылығында қаза табуына байланысты ол жетi жасынан бастап туған нағашысы Уақ руының белгiлi батыры Ер Қосайдың тәрбиесiнде болады. Соның нәтижесiнде Еспембет он төрт жасында-ақ ат үстiнде шауып келе жатқанда тартқан садақ оғы мүлт кетпес мерген, жекпе-жекке шыққанда ұрған жерiн сындыратын, қимылына көз iлеспес найзагер де жойқын күш иесi бола бастайды.
Он төрт жасынан асқанда Еспембет қартайған нағашысы Ер Қосайға өзiнiң туған жерiне қайтқысы келетiнiн айтады. Нағашысы жиенiнiң бұл тiлегiне қарсы болмай шын қабылдап, өзi құлынынан таңдап өсiрген Ақбөрте құнанды мiнгiзiп, ер қаруын асындырып, батасын берiп аттандырады. Бұл қазақ пен қалмақ жаугершiлiгiнiң әлi де толастамай тұрған кезi болса керек.
Туыстарының бәрi жаумен шайқасып жүргенде өзiнiң ауылдағы бала-шаға ортасында болуын намыс санаған Еспембет те жорыққа аттанады. Аз уақыт iшiнде-ақ оның ұрыстары ұшқыр қимылына тез қаныққан аталас туысы, қартайыңқырап қалған Ақтамбердi батыр оған өз орны – Абылай әскерiндегi Найман жасағын басқаруды сенiп тапсырады.
Жаугершiлiк кезiнде туған Еспембет бар өмiрiн жорықта аяқтайды. Ол “Ақтабан шұбырынды” аяқталған соң да Абылай қасында жасақ басы болып қалады да, хан сарайымен қоса Түркiстанға келедi. Ал Ақтамбердi бастаған өз жерлестерi Арқа жаққа Аягөзге қайтады.
Еспембет ұзақ жасамаған деседi. Анығы – ұрыста қаза тапқан. Зираты Ташкент жақта деген де аңыз бар. Еспембеттiң кейбiр ұрпақтары Шығыс Қазақстан облысының бүгiнгi Аягөз өңiрiнiң Ақшатау, Мыңбұлақ жерлерiнен кездесiп қалады.
Еспембет туралы тағы бiр әдеби дерек – ақын Сәкен Сейфуллиннiң “Көкшетау” поэмасындағы Адақ батыр – осы Еспембет (М.Әуезов шығармаларының 50 томдығы, 1 том, Алматы,”Ғылым” баспасы, 1997, 422 бет). Осы поэманың “Адақ” деген тарауында:
Күресте қалың қолды адақтаған,
Майданда бетiне жау қаратпаған.
Сондықтан Адақ деген есiм алып,
Ер едi атына кiр жанатпаған, – деп Сәкен Сейфуллин де Еспембеттi Абылай хан батырларының iшiндегi ең мергенi, ақ беренi екенiн мадақтай жырға қосқан. Өйткенi, осы поэмадағы Абылай ханның қасындағы барлық батырларының iшiнде анық атымен аталып, тұтқынға түскен қалмақ қызының шартымен Оқжетпестiң басына iлiнген ақ орамалға “оқ жеткiзiп” атып түсiрген де, қыз жұмбақтарының бәрiн дерлiк дұрыс шешiп, оның астына ат мiнгiздiртiп, елiне қайтарылуына себепкер болған да осы жалғыз Адақ – Еспембет.
Көркем шығармалардағы шындық қанша құнды болғанымен өмiрлiк шындықтың қасиетi барынша басым. “Платон менiң досым, бiрақ шындық одан да қымбат” дейдi емес пе. Сондықтан да Еңлiк-Кебек оқиғасы кезiнде Кеңгiрбай мен Еспембеттiң келеге түсуi мүмкiн емес. Еспембет жау жағадан алғанда ауылда қалған Батагөй билердiң қатарына жатқызуға келмейтiн тұлағай тұлға.
Ендеше, М.Әуезов қаламындағы Еспембет сол заманның салтына сай билердiң шартты жиынтық тұлғасы, жазушы қиялының жемiсi деуiмiз керек. Дәл осындай пәтуәлi пiкiрдi Сейфуллиннiң “Көкшетау” поэмасындағы батыр Адаққа да арнап айтуға болады. Бұл, әрине, екi суреткердiң жазып кеткен шығармаларының маңызы мен олардың қазақ әдебиетiндегi орнына ешбiр зияны тимесi анық мәселе.
Ғабит ЗҰЛХАРОВ, бұрынғы мұрағат қызметкерi, Қазақстан Журналистер одағының мүшесi
«Түркістан» газеті 28 мамыр 2009 жыл