Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5556 0 пікір 10 Қыркүйек, 2014 сағат 16:13

Петропавлдегі заңдастыру комиссиясына 200-ден астам адам өтініш білдірді

Петропавл қаласындағы заңдастыру комиссиясына 2 қыркүйекке дейін 200-ден астам тұрғын өтініш білдірген деп хабарлайды BNews.kz.  

Қала әкімінің орынбасары, заңдастыру бойынша құрылған комиссия төрайымы Зәуре Нұрмұқанова осындай мәлімет беріп отыр.
"Тұрғындардың өтінішін қала әкімдігі аппаратының кеңсесі арқылы қабылдап жатырмыз. Заңдастыру бойынша комиссия жұмыс істеуде. Оның құрамына салық инспекциясы, әділет басқармасы және т.б. органдардың өкілдері кірген. Жалпы қала бойынша 19 аттестацияланған сарапшы жұмыс істейді" деді З.Нұрмақанова.
Халықты негізінен заңдастыру туралы заңнама, заңдастыру субъектілеріне қатысты сауалдар қызықтырады екен. Нұрмақанованың айтуынша, заңдастыру екі бағыт бойынша жүргізіліп жатыр: өзге тұлғаға рәсімделген мүлік және өз жер учаскесінде рұқсатсыз салынған нысандар. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1605
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3221
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1209
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1118