Жұма, 22 Қараша 2024
Осы ғой енді... 7377 0 пікір 23 Тамыз, 2014 сағат 10:37

Жанармайды жандырып, газды арзанға алып қымбатқа сатады

Күзгі жиын-терін басталысымен жанар-жағармайдың бағасы тағы да көтерілді. Қазақстанда мұнай өнімдерін өңдейтін үш зауыт бар (Атырауда, Шымкентте, Павлодарда). Мамандардың сөзіне сенсек, осы үш зауыт ішкі сұранысты толығымен өтей алмайтын көрінеді. Сөйтіп, біз жанармайды солтүстіктегі көршіміз Ресейден тасуға мәжбүр екенбіз. Ал, Ресейден келетін бензин, мысалы жоғары сұраныстағы Аи-92-нің бір литрі 125 теңге болады. Оған тасымалдау мен сақтаудың шығынын қосқанда, 150 теңгеге барып қалатынға ұқсайды. Дизельді отынның да құны осылайша 102 теңгеден 115 теңгеге көтерілген. Мамандар Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына деген мәжбүрлі сұраныстан құтылмай жанармайдың бағасы бізде тұрақтамайды, үнемі осылай өседі де тұрады дейді.

Әлемде қазір мұнаймен бірге көгілдір отынға (табиғи газға) деген сұраныс та өте жоғары. Еуропаны көгілдір отынның құбырына қаратып қойып ойнайтын Ресей, мәселенки, қолындағы бар мүмкіндігін саяси қаруға да айналдырып алған. Алайда, сол Ресей Қазақстаннан көгілдір отынды арзанға алып, қымбатқа сатуда. Қараңыз: 2014 жылдың қаңтар-маусым айларында 109,9 млн долларға Қазақстан Ресейге 4,2 млрд.куб. м газ экспорттаған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  3,8%  артық.  Алайда өткен жылдың қаңтар-маусым айындағы  пайдамен есептегенде көгілдір отынды Ресейге экспорттаудан Қазақстан жағы 2,7%  төмен табыс тапқан. КазТАГ-тың жазуына қарағанда, өз кезегінде Ресейден газ иморттайтын Қазақстан ұтылып қалып жатқанға ұқсайды. «Қазақстанның 1 мың куб.м  газы РФ-ға 25,4 долларға сатылуда. Ал, Ресейдің 1 мың куб. м газы Қазақстанға 54,2 доллар болып келуде» деп жазады КазТАГ тілшісі мамандардың пікіріне сүйене отырып.

Abai.kz   

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3227
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286