Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3526 0 пікір 12 Тамыз, 2014 сағат 12:38

Ресей ЕЭО аясында Қырғызстанға $500 млн бөледі

Ресей билігі Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруін жеделдету үшін 500 миллион доллар бөлетін болды. Бұл қаржы қырғыз елі экономикасын қолдауға бағытталмақ деп мәлімдеді Baq.kz  РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа сілтеме жасап. 

"Бұл Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық интеграция процесіне еш қиындықсыз өтуі үшін Ресей тарапынан жасалған көмек" деді Сергей Лавров. Айта кетейік, кеше Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Сочи қаласында Владимир Путинмен кездесіп, Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық одаққа жыл соңына дейін кірмек ниетте екенін мәлімдеді.
Қырғыз саясаттанушыларының мәліметінше, бүгінгі таңда 700 мыңнан астам ел азаматы Ресей мен Қазақстанда еңбек етіп жүр. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373