Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 6702 0 пікір 11 Тамыз, 2014 сағат 15:38

Б. Байбек: Мемлекет жастардың өзін-өзі танытуы үшін барлық жағдайды жасауда

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қапшағай қаласында еліміздің барлық өңірлерінен келген 300 астам жастардың басын қосқан «Жастар – Отанға!» жастардың саяси лагеріне қатысушылармен кездесті.
АЛМАТЫ11 Тамыз, 10:33

«Нұр Отанда» хабарлағандай, жастармен кездесу барысында Бауыржан Байбек Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан табылуы жаңа білім мен технологияны бойға сіңіруге дайын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жастардың қолында екенін атап өтті.

«Нұр Отан» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сіздерге зор үміт артады. Елбасы жақында Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Елдің бәрін, ең алдымен жастарды, «Қазақстан - 2050» Стратегиясында белгіленген мақсаттарға жетуге арналған жұмыстарға тарту керек» екендігіне тоқталды», – деп атап айтты Б.Байбек.

Ол бүгінде мемлекет жастардың өзін-өзі танытуы үшін барлық жағдайды жасап отырғанына тоқталды.

Атап айтқанда, мемлекеттік «Қолжетімді баспана» бағдарламасы шеңберінде  отбасылар жеңілдікпен пәтер алуда. Назарбаев Университеті секілді іргелі оқу орындары ашылып жатыр. «Болашақ» бағдарламасы бойынша дарынды жастар әлемнің озық жоғары оқу орындарында білім алуда. Әрбір аймақта  Назарбаев зияткерлік мектептері ашылды.

Қатысушылармен кездесуде сондай-ақ, партия мен оның жастар қанатының жаңа жобалық жұмыс әдісімен мүмкіндіктері мен жағымды жақтары талқыланып, сондай-ақ жастар саясатын дамытуға бағытталған партиялық жобаларға қорытынды жасалды.

http://strategy2050.kz/

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052