Жұма, 22 Қараша 2024
Мәйекті 17867 0 пікір 24 Шілде, 2014 сағат 12:56

ҚАДІР ТҮНІ ҚАЗАҚ НЕ ТІЛЕДІ?

Жылдағымен салыстырғанда биыл Қадір түнін күзеткендер көп болған сияқты. Әлеуметтік желіде жақсы тілектер айтып, пікір алысқан жұрттың қарасы соны айғақтайды. Бір-бірінен кешірім сұрап, бірлікке келуге шақырып жатқан жазбалар көптеп кездеседі. Назарларыңызға Фейсбукте жазылған әртүрлі тілектердің ішінен бірнешеуін ұсынып отырмыз.

 

Ауыт Мұқибек:

Алла, өз ризалығың үшін қасиетті қадыр түні тілеген тілек-дұғаларымызды қабыл ете гөр!
Әлемдегі шашырап жүрген қазақтың басын Қара шаңырақ - Қазақстанда қосуға нәсіп ете гөр!

Нұрлан Сәдір:

Қадір түні «бір-бірімізге қадіріміз артса екен» деген тілек айтамын. Көп емеспіз ғой...

Айдос Сарым:

Қадыр түні - ойланып-толғанып, Жаратушыға жалбарыну түні ғой.
Бір ғана тілегім бар: қазағыма, қазақ мемлекетіне 10 жыл сыртқы тыныштық пен ішкі белсенді, парасатты әрекет берсін!
Артық емес пе тілеуім?

Әміржан Қосанов:

Ниет еткен жиылып
Имандының күйін ұқ -
Таза тілек, таза көңіл, таза түн!
Бір Аллаға сыйынып,
Бар Алашқа сүйініп
Қадір түнін қадір тұтты Қазағым!

Ержан Байтілес:

Я, Раббым, қасиеттi Оразада, бiр өзi мың күнге тең келетiн Қадiр түнiнде елiмiздiң түтiнi түзу ұшуын, қабырғалы қазағымның қабағына кiрбiң түспеуiн, жерiмiзге ешкiмнiң көз алартпауын, мемлекеттiлiгiмiздiң мәңгiге жалғасуын, ұлтымды ұлы iстерге бастауын, халқымды қамсыз қылуды, ағайынның амандығын, үй-iшiмдi берекелi етуiн, саналы да салиқалы ұрпақ өсiрудi тiледiм! Қабыл ете гөр, Жаратқан!

Ерлан Төлеубай:

Алаштың басы қосылсын, дұшпанның жолы тосылсын!

Сараш Қоңырбаева:

ФБ-дағы 1869 досыма отбасыма тілеген жақсылықтарды тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Дініміз Исламның жер бетіне салтанат құруына нәсіп етсін! Ұлтымыздың көркеюіне, мемлекетіміздің дамуына Алла жәрдемші болсын! Ерлеріміз сесті, аналарымыз есті, ұлдарымыз ұлықты, қыздарымыз қылықты болсын! Балалардың ұйқысы тыныш, күлкісі шат болсын!
Жартылар бүтінделсін, жоқтар табылсын!

Болат Жетекбай:

Қадіріміз кеміген кезде, мынау, Құдайым,
Сенің Қадір түніңде дұға қылып, сұрайын:
Жәннат қылғай ол жақта әкеміздің мекенін,
Көруді жаз көп жылдар шешеміздің шырайын!

Аман болсын ағайын, көрші-көлем – төңірек,
Өскелең жас ұрпаққа өріс бергей кеңірек!
Арамзалық іс қылмай, ас ішуге адалдан:
Мехнатты еңбектің өтеуін бер көбірек.

Періштелер қаққай да әзәзілдің құлқынан.
Сөз айтудан сақтағай жақсылардың сыртынан...
Адасқанды жөнге сал, сәл асқанды ғафу ет,
Алашымды айырма мұсылмандық ғұрпынан!

Айдар Сейдазым:

Ұл-қыз өсір, ешқашан жасық етпей,
Иманға ұйыт, Аллаға ғашық еткей.
Қадір түні ең басты - тілегім бар:
Қазағыма тыныштық нәсіп еткей!

Бағдат Мұхтарұлы:

Туған топырағының тілеуін тілейтін ұрпағымыз көп болсын!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279