Жұма, 22 Қараша 2024
Жанайқай 7461 0 пікір 23 Шілде, 2014 сағат 13:03

ҚАЖЫМҰҚАН ҒАБДОЛЛА. ТАЛАНТТЫ ТЕКТІ ҒАНА ТАНИДЫ

Қазақ ұлты мен мемлекетінің қауіпсіздігіне алаңдайтын барша қазақ бауырларымның және 

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы ІЗМҰХАМБЕТОВтің назарына!

Жайық өңірінде «ауыш» дейтін диалект сөз бар. Сірә, «ауыс, ауысу» деген сөз болса керек, мағынасы: «есі ауысқан адам» дегенге келеді...
Белгілі актер Әнуар Нұрпейісов былай депті (әдейі түпнұсқасында орысша беріп отырмын): «Мне очень обидно, что в Казахстане есть огромное количество молодых нереализованных талантов. На мой взгляд, главная проблема заключается в нашем менталитете, а именно в преклонении перед старшими и снисходительном отношении к молодым...» 
Әнуардың түйсігінше, қазақтың болмыс-бітімі, яғни, қадым заманнан жалғасқан үлкенді құрметтеушілік қасиетіміз, әйдік әдет-ғұрпымыз – жастардың талантының шыңдалуына кедергі жасайды-мыс. (Бұл – сірә, қазір қайсар украиндардай оңбай соққы жеген Кремль жансыздарының «жарапазаны» болса керек?!.) Бұл – бірінші сандырақ.
Аптаның екінші сандырағының авторы – экономист Олжас Худайбергенов («Құдайбергенов шығар...» Қ.Ғ.). Бұл батырың да өткенді өшіріп тастауға шақырады. Тағы да жат тілді аударып жатпайын, Худайбергенов түпнұсқасындағы орысшасында былайша «сайрайды»:
«...Большая часть казахских национал-патриотов таковыми не являются...
...Национал-патриоты, по сути, обладают лишь местечковым мышлением, которое не способно решить ни их личные проблемы, ни нации, ни тем более всего государства... 
...Национал-патриотизм приобретает негативный оттенок...
...Национализм объективно появляется и хорошо проявляет себя, когда стране очень плохо, активизирует силы общества и обеспечивает подъем государства. Но когда страна встала на ноги и идет на экспансию, национализм начинает играть роль смирительной рубашки, не давая государству раскрыть свои возможност... И тогда у государства появляется выбор — либо дальше следовать прежнему смыслу национализма, либо изменить этот смысл так (от термина сложно отказаться, но можно постепенно забыть о нем), чтобы он обеспечил глобальный (наднациональный) уровень мышления...
...И зачастую изменение смысла идет через уход от «этнической нации» к созданию «политической нации» (самый яркий пример — США)...
...Кто называет себя национал-патриотами, таковыми не являются и не имеют ни национального, ни глобального уровня мышления...
...Постоянно педалируются темы прошлого — эти люди живут прошлым и тянут в прошлое, что не дает увидеть никакого образа будущего. Проблемы в прошлом были, но те, кто в них виноват, давно умерли, и теперь необходимо, выстраивать так, чтобы в будущем всем было хорошо — мышление от обороны изначально обречено на проигрыш и постоянный конфликт...
...У нашего национал-патриотизма нет никакого плана, ни общего, ни конкретного...
...А что же делать Казахстану с его с более чем 100 национальностями? Именно многообразие национальностей есть то уникальное преимущество, которое имеется лишь у нескольких стран. Практически мы можем повторить опыт тех же США, но имея непрерывную историческую линию...»
...Мұндайда қазақ былай дейді: «Жердің астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты!» Вашингтондағы Ақ Үйдің асханасында әзірленген ход-догтың иісі бұрқырайды, бұл жерден?!.
Худайбергеновке қазақтың біртұтас (унитарный) ұлттығы мен мемлекеттілігі ұнамайтын сияқты. Оның американдық ұлтсыз қоғамға жаны тым жақын. Ол «қазақ» деген қасиетті сөзді мүлдем жойып, жаңа «саяси ұлт» ойлап-таппақшы болып, күшенеді... (Қу құлқын қойсын ба?!:)
Қазақ ұлты үшін ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың қаны судай аққан жоқ па? «Қазақ» деген киелі сөз – мемлекеттің атауында, жер-су аттарында, әрбір қазақтың жүрегінде мәңгі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыруы керек. 
...Мінеки, күні бүгін жүрегі «қазағым» деп соққан тағы бір текті қазақтың туылған күні. Ұлтымыздың саз өнерінің саңлағы, қазақтың тұңғыш бард әншісі, ақын, композитор Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Табыл Досымов көзі тірі болғанда шілдеде өзінің кезекті туылған күнін тойлап жатар еді... 
Әттең, опасыз дүние, жақсыны жердің бетіне сыйдармауың қалай?!. «Тәкежан»-ның дауысын, әуезді әндерін естімегелі төртінші жыл. Жекелеген достары кештер өткізді, мақалалар жазды, телехабарлар түсірді, кітаптар шығарды... 
Бірақ ресми құрылым міз бағар емес: Табылдың атына Атырау қаласы түгілі, өзінің шексіз сүйіп, өзегін жарған Индерінде не көше, не мектеп, не мәдениет ошағының атын қимай, «қисайып» отыр. Осынау өзекті мәселені маған телефон арқылы айтқан Атырау өңіріндегі мәдениет марқасқаларының бірегейі Марат Бекежанов ағамның еңірегенде етегі жасқа толды...
Атырау облысы жұртшылығының қазіргі әлеумет ауанын қадағалайтын әкімнің орынбасары Шыңғыс Мұқан­ның тәлімі мен тәжірибесі кемшін түсіп жатқан шығар, бірақ, Табылдың көзін көріп, талантына сүйсінген, болмысы өнерге етене жақын Атырау облысының бүгінгі әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің аймақ тізгігін ұстағанына да екі жылға таяды. Осыншама орасан кезеңде бір талантты танып, тұлғасын дәріптей алмаған басшы өндіріс-өрісі кең өңірді қалай тізгіндей алады?!.
...Қазақтың байтақ даласы мен қазына-байлығы тұрғанда, қыр астында қаптаған дұшпаны мен сандалбайларының сандырағы бітпейді, ең болмаса, дидарын топырақ жапқан талантты тануға талап қылайық та, Бақтықожа аға!..

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282