АНТОНОВ - СЕЙІЛОВ ПЕН БӘЙТЕРЕКОВТЕН АРТЫҚ ПА?
"Хабар" телеарнасынан Юрий Антоновтың концерті жүріп жатыр. Сол баяғы "көнетоз", тозығы жеткен "Переулочки Арбата", "Не говорите мне "прощай"", "Крыша дома твоего", "Белый теплоход", "На высоком берегу","От печали до радости". "Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды" дегендей, сабазың өзі де шаршаған сияқты. Бірде бүйі тигендей бүрісіп, бірде кірпідей жиырылып, қабағы тырысып, зорға айтып тұр. Салтанатты зәулім сарайдың залы да көрерменге толмапты, бос орындар өте көп. Осының бәрін көріп отырып, ойлаймын да, ұйымдастырушы пысықай мәңгүрттер сонау Мәскеуден қыруар қаражатқа қазақ үшін бір түйір пайдасы жоқ, жасы жетпіске жақындаған Антоновты дедектетіп әкелгенше, неге қазақтың "Стиви Уандері" Жақсыкелді Сейіловтың, өте дарынды ұлдарының бірі Сейдолла Бәйтерековтың творчестволарына арналған ән кештерін өткізбейді екен деп...
(Иса Момбаевтың фейсбуктегі парқашасынан)