Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3969 0 пікір 3 Шілде, 2014 сағат 09:54

Бір жыл, 700 млрд. теңге, 120 жоба

Биыл жылдың соңына дейін елімізде құны 700 млрд. теңге болатын 120 жобаның құрылысы аяқталады. Бұл туралы Елбасының қатысуымен өткен «Қазақстан: Жаңа индустрияландыру. 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтың нәтижелері» атты жиында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 4 жыл ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында 672 жоба жүзеге асып, 70 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Жұмысын дөңгелетіп әкеткен бұл кәсіпорындардың 80%-ы жоспарды толық орындап отыр.

- Индустрияландыру картасы бойынша жүзеге асқан жобалар Үкіметтің бақылауында. Нәтижесінде аталған жобалардың 80%-ы жоспар бойынша жұмыс жасағанын көріп отырмыз. Сонымен қатар қазірде теміржол, машина құрастыру саласының жұмысы 20 есеге артқан. Бұл машина жасау саласына қарқын берді. Айтар болсақ, бүгінде сатылымдағы әрбір төртінші жаңа автокөлік Қазақстанда жасалған деген атауға ие,- деді министр Әсет Исекешев.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3317
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6031