Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жөн-ақ 11129 0 пікір 30 Маусым, 2014 сағат 17:58

ЕНДІ ТЕК ДИПЛОМДЫ АЙТЫС ҚАНА ӨТЕ МЕ?

Астанадағы Өнер ұлттық университеті жанынан айтыскерлерге жоғары білім беретін 30 орындық топ ашылды.

Алайда бұрын-соңды өнер ретінде танылған айтысты енді жоғары білікті кәсіпке айналдыру ісі қолға алынуда деген қоғамдық пікір алуандығы өршіп тұр. Шынында да, айтыскерлерге кәсіптік жоғары білім беретіндей негіз бен сұраныс бар ма? Болса қандай? Жоғары білімге қоятын ғылыми-практикалық негіз қаншалықты? Деген сауалдар жеткілікті туындауда.

Айтыс тақырыбына қатысты ғылыми кандидаттық қорғағандар санаулы, бірақ айтыстану ғылымы қалыптасқан жоқ деуші сарапшылар бар. Бұрынғы классик әдебиетшілер мен кейбір әдебиеттанушылардың мақалалары мен ішінара зерттемелері ғана бар, олар тыңғылықты ғылыми салаға айналып, жоғары білім көзі бола қойғандығы рас. Ендеше, айтысфакта жоғары ғылыми білім ретінде не оқытылмақшы? Әзірге кәзіргі айтысқа қатысты көркем сын да қалыптасты деуге болмас, оның бағалау критерийлері де анықталмаған. Бүгінгі айтыс қарадүрсін көзқараспен субъектитвті түрде бағаланатыны жасырын емес.

Бұл салаға қатысты мәселелер мен үдерістерді талдайтындай конференция, симпозиум секілді ғылыми отырыстар мен жиындар өткені есімізде жоқ... Бұл жағынан алғанда айтыс мәселесіне қатысты   ғылыми әлеует жоғары мамандармен қамтитындай түзілген жоқ.

Басқа жағынан қарасақ, айтысқа дипломның керегі қанша? Олар айтысты қалайша кәсіп етпек? Айтыстық диплом бізге кімді, нені береді? Айтыстанушыны ма, айтыскерді ме? Дипломсыз айтыскерлерді не істейміз, айтысқа жолатпайтын боламыз ба? Бұған дейін айтысқа қатысты жастарға орталық ұйымдастыра алмай келіп, енді дипломды айтыспен айды аспанға шығара аламыз ба?

Қарап отырсақ, айтыс – қазақ өнеріне қатысты эстрададан кейінгі көп ақша айналатын сала екен. Бәрі де осыдан туындап отырмаса жарар еді...

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036