Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 6687 0 пікір 25 Маусым, 2014 сағат 16:56

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Бүгін, М.Әуезов атындағы академилялық драма театр ұжымы баспасөз күніне орай БАҚ өкілдерін арнайы шақырып құттықтады, деп хабарлайды Абай-ақпарат тілшісі.

БАҚ өкілдері театр ұжымының шағын концерттік бағдарламасын тамашалап, шынайы өнер иелерінің талантына тәнті болды. Театр ұжымының БАҚ өкілдеріне арнайы бағдарламаға тыңғылықты әзірленгені анық байқалып тұрды. Тамаша кештен соң арнайы жайылған дастархан басында театр ұжымы мен БАҚ өкілдері өзара пікірлесіп, алдағы уақытта театр  жұмысын жан-жақты дәріптеуге, соны жаңалықтарды көпшілікке жеткізіп отыруға уағдаласты.

Еркін Жуасбек,  М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры:

– Бұқаралық ақпарат құралдары – байтақ еліміздің бүкіл тыныс-тіршілігінің, мәдени-рухани өмірінің, оның ішінде, ұлттыө театр өнерінің де шынайы жанашыры, жалынды жаршысы болып келеді. Өткен 2013 жылдың жаңа маусымынан күні бүгінге дейінгі арада өткен небары 1 жылдың ішінде, бір ғана біздің ӘКЕМ театрындағы жағымды жаңалықтар мен жаңа қойылымдар туралы, актерлер мен режиссерлер туралы, жалпы, театрда тер төгіп жүрегн түрлі шығармашылық қызметркелре туралы, қосымша өткізіліп жатқан мерекелік кештер мен шаралар туралы республикалық түрлі мерзімді басылымдарда, Алматы және Астана қалалық газет-журналдарда 305 көлемді мақалалар мен сүбелі сұхбаттар жарияланып, 7 бірдей деректі фильмнің, 115 теле және радио бағдарламалардың эфирден өтуі – осы сөзіміздің нақты дәлелі болары сөзсіз.

 

Жасұлан Байсалбеков, театр актері:

– Театрымызда соңғы жылдары актерларды сахна қозғалысына, вокал, хор, бидің  қыр-сырына баулитын арнайы мамандарды шақырылып, дәріс беруде. Бүгінгі журналистерге арналған шағын концертте театр актерларды осы өнерлерін ортаға салды. Алдағы келе жатқан журналистер күні құтты болсын дейміз. Сіздердің жазарларыңыз таусылмасын. Театр өнерінің ең үлкен жанарышы – бұл әрине журналистер қауымы.  Сондықтан да біз БАҚ өкілдерімен қоян-қолтық жұмыс жасауымыз керек. Театр – от пен шоқтың арасындағы өнер ғой. Отқа жылынуға да болады, шоққа күйіп кетуің де мүмкін. Сондықтан біздің жақсы жақтарымызды көпшілікке жеткізіп, кемішіліктеріміз болса ақырын сынмен хеткізіп отырса құба-құп. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1515
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5844