Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4664 0 пікір 11 Маусым, 2014 сағат 12:09

ҚР БАҒАЛЫ МЕТАЛДЫ ШЕТЕЛ АСЫРУДЫ УАҚЫТША ШЕКТЕДІ

Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетуге уақытша тыйым салынды. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлімдеді.

        Қазақстан Республикасының аумағынан уақытша әкетуге тыйым салынған, өңделмеген бағалы металдар,               бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары:

1. Өңделмеген немесе жартылай өңделген, немесе ұнтақ түріндегі алтын (платинадан алынған гальваникалық қаптамасы бар алтынды қоса алғанда):
- монетарлық емес:
- ұнтақ;
- өзге де өңделмеген нысандарда:
- өзгелері (өңделмеген, сол сияқты тазартылған
түрдегі, тазалығы лигатуралық салмақтың 1000 үлесіне қатысты 995 мың үлеске тең немесе одан артық, бұл 995 сынамаға, 995 промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес түйіршіктелген алтынды қоспағанда) 

2. Бағалы металдардың немесе бағалы металдар жалатылған металдардың қалдықтары мен сынықтары; негізінен бағалы металдарды шығару үшін пайдаланылатын, құрамында бағалы металл немесе бағалы металдардың қосылыстары бар өзге қалдықтар мен сынықтары:
- алтын жалатылған металды қоса алғанда, бірақ құрамында басқа да бағалы металдар бар қалдықтарды қоспағанда, алтын.

Құжаттың толық мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланатын болады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458