Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2759 0 пікір 7 Мамыр, 2010 сағат 07:10

Өзбекстан үкіметі 1-ші мамырдан бастап автокөліктердің Тәжікстанға транзит мөлшерлемесін көтерді

Ташкент. 7 мамыр. ҚазТАГ - Өзбекстан үкіметі 1-ші мамырдан бастап Тәжікстанға қарай өтетін шетелдік жүк автокөліктерінің, автобустардың  транзиті үшін алым мөлшерлемесін көтерді. Құжат мәтіні жұма күні жергілікті басылымдарда жарияланды.

Құжатқа сай, Тәжікстан автокөліктері үшін мөлшерлеме $50 -дан $90-ға көтерілді.

Тәжікстанға бара жатқан Түркменстан автокөліктері үшін жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің транзиті үшін мөлшерлеме $20-дан $35 көтерілді, жүк көтергіштігі 10 тоннадан асатын болса - $30-дан  $55-ға, сыйымдылығы 12 орындықтан кем емес автобустар үшін - $20-дан $35-ға, 12 орындықтан көп болса - $30-дан $55-ға дейін алым салынатын болды.

Басқа шет елдік жүк автокөліктері мен автобустары үшін мөлшерлеме $100-ден $175-ке көтерілді.

Биылғы жылдың басында Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы көлік қатынасының жағдайы күрт шиеленісті. Тәжіктер жағының мәліметтерінше, Өзбекстан Тәжікстанға темір жол және автожолмен бара жатқан жүктерді өткізуді күрт қысқартты. Душанбеде мұндай жағдайды өңірдің су-энергетикалық ресурстарын пайдалануға көрсетіп отырған қысым деп бағалап, атап айтқанда, Рогун ГЭС-інің құрылысына деген жүктерді өткізбей отыр дейді.

Өз кезегінде Ташкент, жүктердің тежеуілдеуін техникалық проблемалармен байланыстырып, тәжіктер жағын Өзбекстанға келе жатқан жүктерді рәсімдеу мен тексеруде бюрократиялық шұбалаңға салып отыр деп айыптайды.

Наурызда өзбектер жағы Ташкент облысының Ангрен қаласында Халықаралық логистикалық орталық ашып, Ферғана аңғарына жүктерді Тәжіктстан арқылы тасымалдаудан бас тартқан.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377