СТАЛИН ҚАШАН АЙЫПТАЛДЫ?
ЕВРОНЬЮС екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистік Германияға қарсы одақтас елдердің Еуропада әскери операциясы басталғанына 70 жыл толуына байланысты Нормандия аймағындағы еске алу шараларын көрсетіп жатыр.
Сол бейнесюжеттерде адами әрі саяси тұрғыдан бір бақылағанымды айтайын.
Мықтылардың ішінде Меркель жүр. Ресми түрде сол соғысты бастап, ғасыр трагедиясын ұйымдастырған Гитлерді билікке жіберген Германия секілді елдің бүгінгі басшысы.
Міне, аса толғанысты тарихи сабақтастық пен жауапкершілік.
Міне, аса тағылымды сәт.
Германия кезінде фашизм мен Гитлерді ресми түрде айыптап, "ел бөлек, жауыз бөлек" деп, әлем жұртшылығы алдында өз бетін ашып алды. Сондықтан Меркельдің өз әріптестерінің алдында ары таза, мерейі үстем.
Ал Совет Одағындағы Сталин жауыздықтары ше? Иә, баспасөз бен баяндамаларда оны сынадық. Бірақ мемлекеттік тұрғыда ресми айыптау, оның мұрасынан бас тарту болмады.
Оның үстіне, қазіргі Ресейде оның культі қайта жанданып келе жатқаны ап-анық байқалады. Осы елмен бір Одаққа кіріп жатырмыз...
Нормандиядағы бүгінгі еске алу шаралары мен әлем алпауыттарының кездесулерін көріп отырып, неге екенін білмеймін, осы жайт туралы ойлап отырмын...
Әміржан Қосанов
www.facebook.com