Сейсенбі, 26 Мамыр 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 8531. Жазылғандар — 4515. Қайтыс болғандар — 35
Жаңалықтар 2578 0 пікір 27 Мамыр, 2014 сағат 10:35

КИЕВ ПЕН МӘСКЕУ ГАЗ МӘСЕЛЕСІН ШЕШТІ

Киев газ мәселесі жөнінде Мәскеуге қарыз болған 2,5 млрд. долларды төлеуге келісті. Келісімге Еуро одақтың мұрындық болуымен Берлинде өткен тараптардың кездесуінде қол жеткен. Егер қарыз бір апта ішінде өтелетін болса Ресей тарапы екі ел басшыларының бітімімен газ бағасын төмендету жағын қарап көрмек.

Украинадағы сайлауда жеңіске жеткен президент  Петр Порошенкоға қалған өзекті мәселелердің бірі Ресейден газ тасымалдау ісі. Ресей билігі газ жөнінде Украинаға Еуро одақтың жауапкершілік арқалап,  кепіл болғанын қалайды. Аталған мәселе кеше, дүйсенбіде екі елдің энергетика министрлерінің, және Еуро одақ комиссиясының Берлинде өткен үш жақты келісімінде қаралған. Бұл Туралы  BBC жазды.  Бұл орайда Украинаның жаңа президентіне үлкен жауапкершіліктер түсіп отыр. Ол газ жеткізу мен қатар газ тасымалы төңірегінде жемқорлық мәселелерді де шешуі тиіс.

Энергетика жөніндегі Еврокомиссар  Гюнтер Эттингер Киетвтің Мәскеуге 2,5 млрд. Доллар қарызын төлеуге келіскенін мәлімдеді.  Келісімге сай сәрсенбіге дейін екі елдің энергетика министрлері өз елдеріндегі ұлттық газ компанияларын қайта ақпараттандырып, газ жөнелту-қабылдау ісін жедел қолға алулары керек.

Естеріңізге сала кететін болсақ, сәуір айының бірінде Киевтің Мәскеуге қарызы 2,2 млрд. Доллар болса, мамыр айының ортасына қарай 2,5 миллиардқа таяды. Мәскеудің ақпан айында Киев тарабымен келіспей бағаны өсіруі Киевті қарыз еткен еді. Өткен жылдың желтоқсанында, Украина президенті Янукович Еуро одақ ассоциациясымен келісімге қол қоюдан бас тартқаннан кейін  Ресей газдың 1000 текше метрге шаққандағы бағасын 400-ден 268,5 долларға түсірген болатын.  Ал ақпан айында «Газпром» 1000 текше метр газ бағасын 485 долларға дейін қымбаттатып жіберген еді.

 

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір