Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5898 0 пікір 23 Мамыр, 2014 сағат 11:24

ҚР МҰСЫЛМАНДАР ОДАҒЫ: ЕУРАЗИЯЛЫҚ СОТ ҚҰРАЙЫҚ

Қазақстанның Мұсылмандар одағы мен Орта азиялық Адам құқығы жөніндегі комитет Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путинға Халықаралық Еуразиялық сот құру турасында ұсыныс жасады. Аталған сот құрыла қалса мемлекет аралық қарым-қатынастар мен жеке азаматтар құқығы төңірегінде туған даулы мәселелерге төрелік өтпек. Бұл туралы Zakon.kz жазды.

«Өкінішке орай, Гага соты, Еуропа соты және басқа да халықаралық соттар бізден алыс. Сондықтан біздің мемлекет аралық мәселелерімізге шынайы төрелік ете алмайды», - деп мемлекет көшбасшысына бағытталған хатта Халықаралық Еуразиялық  сотты құру қажеттігі туралы толықтай түсініктеме жазылған. Мұсылман құқық қорғаушылары аталған соттың құрылуы мемлекет аумағында сот жүйесінің дамуы мен біркелкілігін көрсетеді деп санайды екен.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 911
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2359
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 617
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 594