Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5026 0 пікір 23 Қаңтар, 2015 сағат 10:48

ОҚУШЫЛАР НЕДЕН УЛАНДЫ?

Атырау қаласының маңындағы Жұмыскер кентінде орналасқан И.Тайманов атындағы мектепттің оқушылары мен мұғалімнің улану себебі белгілі болды. Олар кәдімгі тұтыныстағы газ баллонын бүркуінен кейін өздерін нашар сезінген екен.

Бұл туралы «Оқушылардың бірінің мектептің 1-қабатындағы киімілгіш бөлмесіне газ баллонынан бүркуі салдарынан жоғарғы сыныптардың 21 оқушысы мен мектептің бір қызметкері аэрозольдық газға улану белгісімен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетілді, соның арқасында аталған мектептің бірде-бір оқушысы және қызметкері жансақтау бөліміне түскен жоқ. 22 қаңтардағы сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 18 оқушы ауруханадан шығарылды. Үш оқушы әртүрлі шамалы шағыммен  дәрігерлердің қарауында қалдырылды», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Ал, Атырау қаласы білім бөлімінің жетекшісі Нұрсәуле Сайлауова: «Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушылардың бірі бұзақылықпен емес, әуестікпен газ баллонын бүріккенін мойнына алды» деп түсінік берді оқиғаға орай.

Оқиғаға орнынан ауруханаға жедел жеткізілген оқушылар мен олардың ұстазының жағдайын білуге Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұханбетовтың өзі барған болатын. Өңір басшысы зардап шеккендердің хал-жағдайын біліп, жауапты органдарға өңір оқушыларының арасында мұндай оқиғаға жол бермеу мақсатында алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347