Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2783 0 пікір 12 Мамыр, 2010 сағат 04:42

Әбіш Кекілбаев. Тіл және тәуелсіздік (Жалғасы)

Өшпенділік өзгешелікті өгейсітуден басталады

Әсіресе, отырықшылар мен көшпелілер арасындағы айырмашылық алдымен көзге түскен. Көшпелілер күнделікті зәруліктерін өтеумен қанағаттанып, қосымша өнімді көбейтуге өлімін сата қоймаған. Бұл олардың арасында бірдейшілік (эгалитаризм) мен ұжымшылдықты (коллективизмді) орнықтырып, экономикалық қанағатшылдыққа баулыған. Планетада жер құнары мен ауа райына тікелей тәуелді болған аграрлық өндіріс кезеңінде құнарлы кеңістіктерден гөрі құнары аз кеңістіктер көп болған. Бұл адамзаттың басым бөлігінің аңшылық, балықшылық, терімшілікпен шұғылдануын ұзаққа созылтып жіберген. Олардың өзара ықпалдасуы күшейген тұста көшпелі мал шаруашылығы өрбіген. Тұтынушылық минимализм мен әлеуметтік эгалитаризмге әбден бауыр басып алған олар XV ғасырға дейін солтүстік жарты шарды тұтасқа жуық өз монополияларына айналдырған.

Бақташылық шаруашылықта жұмыс қолдарының өз-өзінен артылып қалуы мен үзбей өріс жаңартып тұруға мәжбүрлік көші-қон іздеп күн-түн ат үстінен түспейтін аламандыққа ауыздандырып, жан-жағына тынымсыз жаугершілік дәурен кештірген. Екі құрлықтың теріскей бойларын ерсілі-қарсылы баса-көктей жөңкілген көшпелі империялар көбейген. Олар қандай мықты отырықшы мемлекетті де оп-оңай ойсыратып отырған. Көршілері Үнді мемлекеті де, Ахеменидтер империясы мен Араб халифаты да ештеңе істей алмаған алып Қытай XIX ғасырдың екінші жартысына дейін терістіктегі көшпенді көршілерінің қас-қабағын аңдып, қит етсе сый-сыбаға тартып, алдап-сулап күн көрген. Александр Македонскийдің типылдап кете алмағаны жалғыз Орта Азия көшпенділері еді. Римді шығыстағы жазиралардан келген малшы, солтүстіктегі орманнан шыққан аңшы тайпалар құлатқан. Иранның басындағы бақты әуелі бәдәуи арабтар, сосын шапқыншы түріктер тайғызған. Әркімдер қызыққан Үндістан солтүстіктен келген көшпенділерге қолды болған. Рим империясы мен Араб халифатының ақырғы саяси мұрагерлері қазіргі Қазақстанда ту көтерген селжүктер еді. Батыста Еуропаны, Шығыста Қытайды бірдей қалтыратқан моңғолдар болды. Бір кездегі Рим империясының аумағындағы Еуропа христиандары түгел бірігіп, "айқыш (крест) жорығына" шыққанда туларын жығып, мыстарын басқан көшпенді мұсылмандар еді.

Жалғасын ары қарай ашып оқыңыз

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377