Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2897 0 пікір 12 Мамыр, 2010 сағат 10:44

Мәжіліс сақтандыру ұйымдарына облигациялық займдар тартуға тыйым салатын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 12 мамыр. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Парламент мәжілісі сәрсенбі күні кеңейтілген отырысында заңнамаға сақтандыру мәселелері бойынша түзетулер жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасында сақтандыру ұйымдарына облигациялық займдар тартуға тыйым салу ұсынылған. «Қаржы және бюджет жөніндегі комитет сақтандыру ұйымдарының қызметіне қатысты түзетулерді енгізу бойынша ұсыныс жасады, оның ішінде, сақтандыру компанияларына облигациялар шығаруға тыйым салу және займ тартуға шектеу қою бар», - делінген мәжіліс комитетінің түзетулер жобасына жасаған қорытындысында.

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) төрағасының орынбасары Алина Алдамбергеннің айтуынша, заң жобасында сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметі туралы талаптарды бұзған жағдайда, оны консервациялау мүмкіндігі қарастырылған. Ол бұл қандай жағдайда жасалуы мүмкін екенін нақтылаған жоқ.

ҚҚА өкілі түзетулер өкілетті органға өз өкілін жіберуге құқығы бар қаржы ұйымдарының тізімін кеңейтеді. Бұл тізімге екінші деңгейлі банктерден басқа, зейнетақы жинақтаушы қорлары, сақтандыру ұйымдары және зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар енгізіледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377