Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6103 0 пікір 30 Желтоқсан, 2014 сағат 11:58

АРДАГЕРДЕН ЕЛБАСЫҒА АЛҒЫС

Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Икрам Хашимжанов Елбасыға ҰОС Жеңісінің 70 жылдығы қарсаңында көрсеткен ілтипаты үшін риясыз ризашылығын білдірді. 

Президент атынан сыйлық алып, құттықтауын естіген ардагер:

-Аса құрметті Президент мырза!

Сіз жуырда келесі жылы кең көлемде атап өткелі отырған Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай қарт майдангерлерді құттықтап, ілтипат көрсеттіңіз.

Алдыңғы толқын аға буынның өмірлік мол тәжірибелері, Өзіңіз атап өткендей, кейінгі өскелең ұрпақ ақиқат жолынан адаспай алға басуына зор септігін тигізуде.

Қадірменді Нұрсұлтан Әбішұлы!

Аталарымыз бен әкелеріміз сол бір сұрапыл соғыста бірліктің, достықтың зор үлгісін көрсете білді. Олардың ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес.

Сіздің майдангерлерге көрсеткен осынау құрметіңіз және сол кісілердің өнегелі өмірі бүгінгі ұрпақтың алдағы уақытта сындарлы сындардан сүрінбей өтіп, асулар алу мен биіктерді бағындыруға күш-қайрат береді деп ойлаймын.

Бүгінде Сіздің сарабдал саясатыңыздың арқасында еліміз зор жетістіктерге жетті. Қазақстан әлемге танылды. Сондықтан облыстық өзбек этномәдени орталығы мен ақсақалдар кеңесі мүшелерінің атынан Сізге үлкен ризашылығымызды білдіруге рұқсат етіңіз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз, - деп алғысын жаудырды.

Абай-ақпарат.

( Мақала egemen.kz  деректері негізінде әзірленді.

0 пікір