Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 10501 0 пікір 24 Желтоқсан, 2014 сағат 10:24

13... ЕУРОПА ӨРКЕНИЕТІ НЕГЕ ӨЛЕРДЕЙ ҚОРҚАДЫ?

Тіл – халықтың өмір сүру көрсеткіші. Халықтың мінезі, тарихы, болмысы, мәдениеті барлығы ұлт тілінде көрініс береді. Ұлт тілінен адам өркениетіне қатысты көптеген мәліметтерді таба аласыз! Соның бірі деп 13 санына қатысты ұғымды айтуға болады.

Бұл сан еуропа мен американың қазіргі жұртында жамандықпен ассоцияцияланады. Ә.Ахметовтің «Түбі түркі өркениет» кітабында 13 санына қатысты нигилизм, жоққа шығару, тыйым салу Григорий атанған Ватикан басшысымен (1553 жыл) байланысты екен. Сол кезден бастап 12 айлық күнтізбе енгізілген. Оны қазір Григориан күнтізбесі деп атайды. Ал ескі халықтардың бірі – Майялықтар 13 циклдік күнтізбелерді пайдаланған. Х.Аргуэльс «Майя факторы» деп аталатын еңбегінде бұл күнтізбенің сырын ашып, оның адамның табиғатпен байланысына негізделіп жасалғанын дәлелдеген.  Майялардың әр айы 28 күннен, әр жылы 13 айдан тұратын Ай, Күн және Жердің үйлесіміне негізделгенін жазған. Майялықтарда ғалымдардың көрсетуінше, 17 түрлі күнтізбе бар екен. Солардың ішінде Цолкин деп аталатын күнтізбе 13 айдан , ал әр айы 20 күннен тұрады. Сонда 13 айда 260 күн бар екен. Ә.Ахметов қазақтың баланы «9 ай 9 күн көтерді» деген тұрақты тіркесінің мәнін 9х28=252+9=260+1 формуласы негізінде көрсетіп есептеген. Эмбрионның ана құрсағына біткен күннен бастап сәби дүниеге келетін күнге дейінгі аралық 260 күнді құрайды екен. Сонда 260 күн көтеріп, келесі күні дүниеге сәби келеді екен [1,107].

Хосе Аргуэльс кітабынан алынған Цолкин (кин – күн!) күнтізбесін анықтап қарасаңыз, бұл сандар солдан оңға қарай саналып, 13 санынан кейін қайта сан басталады. Бізге қызығы – осы күнтізбедегі бірінші санның шеңбер ішіндегі нүкте схемасы болып отыр. Бұл түркі дүниесіндегі Ң немесе НТ дыбысының таңбасы болып саналады  . Бұл таңбаны әр ғалым әр түрлі сипаттайды. Мысалы, Д.Черчвард бұл Му елінің таңбасы – МУ-РА деп атаған. Ал түркі-шумер байланысы жөнінде алғашқы болып жазған О.Сүлейменов Мунг деп көрсеткен. Қазақтың тағы бір ғұлама ғалымы С.Қондыбай бұл таңбаны жаңа қырынан оқыған. Ғалым нүкте мен шеңбердің түрлі варианттарын былайша сипаттайды: Ң, яғни нүкте – бала, ал ам, шеңбер – ана, Нүкте – адам , шеңбер – әлем, дүние, Нүкте – жер, шеңбер –ғаламдық су, т.б[2]. Неге ң дыбысы нүктенің символы болу керек дегенге жауабымыз дайын. Бұл дыбыс адамзат баласының алғашқы дыбысы, бала дүниеге келгенде, іңганы айтып келеді. Абақ таңбаның схемасы мен қазақ дыбысының айтылуы, мағынасы біріне-бірі жуық келеді. Біз осы дыбысқа қатысты арнайы мақаламызда айтқан болатынбыз. Ендігі мәселе осы таңба арқылы майя қазақ (түрік) паралельдерін көрсету болып табылады.

Қазақта «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген сөз бар. Майқы есімі қазақ тарихында 12 ғасырдан белгілі. Алайда байқап қарасаңыз, Майқы мен майя деген сөздердің дыбысталуы ұқсас болып келеді. Майқы немесе майя сөзінің тарихы өте тереңде жатыр. Д.Черчвардтың «Древний континет МУ. Прародина человечество» еңбегінде былай деп жазады: «Одной из наиболее заметных фигур Империи Нагов в Индии был принц Майя (ерекшелеген біз – Б.Х). Точные даты жизни принца Майя установить невозможно. Хотя мне встретилось множество упоминаний о нем, ни одно свидетельство пока не позволяет точно оценить время его жизни. Однако, согласно многочисленным легендам, принц Майя жил 15—20 тысячелетий тому назад. В «Рамаяне» тоже существует упоминание о нем: «В древние времена жил принц нагов по имени Майя»[3, 176].  Яғни, 15-20 мың жылдай уақыт!

Х.Аргуэльстің кітабында Майя сөзінің шығу төркіні жайлы былай деп жазған: И все-таки, упоминание о центрально-американском народе Майя вызывает любопытный резонанс с Востоком, с Индией. Слово "майя" является одним из ключевых понятий индийской философии и означает "источник этого мира" и "иллюзорный мир". В санскрите слово "майя" связано с понятиями "великий", "мера", "разум", "волшебство" и "мать". Неудивительно, что Майей звали мать Будды, а в классическом ведическом эпосе "Махабхарата" упоминается, что имя Майя носили великий астролог и астроном, маг и архитектор древности, а также великое кочевое племя мореплавателей» [4]. Автор бұл сөздің тек ежелгі Индия ғана емес, сондай-ақ Батыста да қолданылғанын айтады. Египет фараоны Тутонхамоның қазынашысының есімі Майя болған. Грек мифологиясында Майя деп Үркердің (Плеяд) жеті жұлдызының ішінде біріншісін атаған. Майя деген римдіктер көктем құдайы болып есептелінген. Майқы (немесе Байқу деп атайды) би Шыңғыс ханды  хан етіп сайлағандардың бірі. Ол он екі бидің бірі емес, он екі бидің  ішінде бас би болған. Сонда майқы да 13 санымен байланысты болып тұр. Яғни, осы жерде Майя мен Майқы сөздері тек форма жағынан ғана емес, санға да қатысты ортақтық бар екенін көреміз.

13 саны қазақ халқынының дүниетанымында да үлкен рөл атқарған. Қазақ 13 жасында отау иесі атаған. Неге 13 жасында қазақ үйленген? Бұл кезде қыз бойжеткен, бозбала ержеткен. Қыздың бойжетуі, ердің ер жетуі олардың кәмелетке жеткендігін білдіріп, отбасын құруға болатынын білдірген. Бұл кезде адам баласының 13 органының жетілгендігін көрсеткен.

Қазақ халқы 12 мүше туралы айтқанмен, ұлы мүшені айту ұят болып есептелген. Бала кәмелетке жеткенде, осы мүшесі жетілгенде, яғни белгілі бір циклден өткеннен кейін қазақ баласын үйлендірген. 13 –те отау иесі деп, бөлек отау құрғызған. 13 саны – төрт санының эквиваленті да болып табылады. 1 санымен  3 санының қосындысы 4 санына тең. Қарапайым формула. Бірақ 4 санының астарында жетілгендік, толғандық мағынасы жатыр. Мысалы, қазақ халқында төрт көзі түгел, төрт құбыласы тең, төртеу түгел болса, т.б. бірлікті, амандықты, саулықты білдіреді. Яғни, 13 мүше ұрпақты тудыратын, жасайтын мүше жетіліп, 13 мүшелден аман сау өтті дегенді білдірген.

Қадан Қабисатұлы деген азаматтың «Қазақ келендары» деген мақаласында мынадай жолдар бар: «Бір жылда 13 тоғыс айы бар немесе ай мен үркер бір жылда 13 рет тоғысады.
Жаз басында үркер аспан сферасының екінші жартысында көкжиектен төмен кетеді де, жер шарының солтүстік жартысындағы елдерге 40 күн көрінбейді. Қазақ мұны үркер 40 күн жерде жатады деп айтады. Сол 40 күнде екі рет тоғысуға тиіс. Бірақ біз көре алмаймыз, тек он бір тоғысты ғана көре аламыз.
13 тоғысты 28 күнмен көбейткенде 364 күн болады»[5]. Яғни арғы қазақтарда бір жылда 13 ай болған. 13 толық циклді білдіреді. Мысалы 12 деп алатын болсақ, бұл үш санына қатысты ұғым болады (1+2 тең 3). Ал 4 санын білдіру үшін міндетті түрде 13 болу керек. Сондай-ақ жыл да 13 санымен есептеліну керек секілді. Мысалы, Қазақта «Жануарлардың жылға таласуы» деген аңызда түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты мифологема бар. Алайда сол шығып келе күнді 13-ші болып түйе де көреді емес пе?! Түйе деген сөздің өзінде де түй, түйін, яғни соңғы, қорытынды деген мағыналарды байқауға болады. Сонда арғы қазақта 13-ші түйе жылы да бар болған.

Абақ таңбасындағы нүкте, яғни әйелдік бастаудың (әйелдің жыныс органның) символы болып табылады. Бұл таңба қарапайы болса да, әмбебап оқылады. Нүкте сәбиді және сол сәби тұратын құрсақты, сонымен оның дүниеге келетін есікті (мүшені) де білдіреді.  Мысалы біз алтылық немесе он екілік санаумен есептейміз. Бірақ ол дұрыс емес, егер де абақ таңбасы арқылы түсіндіретін болсақ, алты да, он екі де нүктеге келіп түйсіседі. Сонда нүкте 1 саны, оның аналогтары 4, 7, 9, 13 сандарының варианты болып табылады. Осы сандардың ішінде 7 саны ерекше көзге түседі. Осы санның өзі жет, жат деген ұғымдарға негізделген. (Құранда, Інжілде дүниені алты күнде жарату деген бар. Р.Генон 7 күнді демалыс күні, яғни біз айтып отырған абақ таңбасының нүктесне сәйкеседі. Біз бұл жайлы 7 санына қатыс мақаламызда толығырақ баяндайтын боламыз). Қазақ хылқында 7 атаға дейін қыз алысып-беріспейді. 7 саны белгілі бір циклдің аяқталғанын білдіреді. 4 аптада 7 күн болады, оның қорытындысы 28 санына тең, яғни ай фазасының толық солғандығын көрсетеді. Бұл белгілі бір этапты немесе инициацияны білдіреді. Мысалы, сақтар адам өлгенде, үйді 7 рет айналып, беттерін тіліп, қанды жастарын жерге ағызған. Яғни, жеті рет айналу ол адамды бұл өмірден жат өмірге, яғни о дүниеге жеткізу дәстүрін символдаған.  28 күнде ай өліп, қараңғылық, өлілер дүниесіне кіргені секілді, адамдар да өлілер дүниесіне аттанады деп сенген. Біздің бақылауымыз бойынша, бір айда 31 күн бар. Өйткені айдың тууын есептесек, 1-ші күннен бастап есептегенде, ай 31 күннен кейін қайтадан туады. Ай фазасының көрінісі 28 санымен байланысты, қалған үш күнді қазақ өліара деп атаған, ол күні ай мүлдем көрінбейді.  Осы қарапайым түсінік өлілер  мекеніне аттандыру дәстүрінің қалыпсасуына уәж болған секілді. Меккені мұсылмандардың 7 рет айналуы да белгілі бір инициацияны білдіреді ғой. Ол да ай фазасымен, яғни 7 рет айналумен байланысты қалыптасқан түсінік. Енді қазақтың неге 7 атаға дейін қыз алысып-беріспенгенін осы ретпен есептеп көрсетсек. Жапон ғалымдары 2000 жыл уақыт өткеннен кейін шынымен де қанның тазартындығын ғылыми тұрғыда дәлелдеген екен. Бірақ біздің бабалар оны атам заманнан бері біліп, бұл дәстүрді берік ұстаған. Бұл есепті 4 аналогы болып табылатын 13 санымен (1+3=4) есептеуге болады. Сонда 7 санымен 13 санының көбейтіндісінің нәтижесі 91 санына тең болады. Яғни, 91 жылда қан ауысады, тазарады деген сөз. 91 саны абақ таңбасындағы нүкте мен шеңберге сәйкес келеді және 9+1 сандарының қосындысы 10 санына тең, ал бұл сан 1-дің аналогы (1+0). 1 саны жаңа тіршілік бастауының, бұл жерде белгілі бір циклден өтіп, ауысқан жаңа ұрпақтың символы болып тұр. Яғни, 91 жылдан кейін қан ауысты,  жеті ұрпақ ауысты, енді ол жат (жеті) болды дегенді білдірген.

13 саны  әйелдің, ер адамның жыныстық мүшесімен байланысты екенін айттық. Нүкте – 13, одан 12 сызық таралады. Нүктені ң деп атаймыз, оған дауыстыларды қосамыз сонда, аң, ің, ең, ұң, үң, оң, өң немесе керсінше оқуға болады. Ең одан енг – ен сөзі шығады. Мысалы, енек сөзі жыныс мүшесін білдіреді. Ену, енгізу жыныстық қатынасқа байланысты сөздер. Латынның ентер, интим сөздері шыққан. Әйелдің жыныстық мүшесін қазақ ам деп атайды. Бұл анайы лексикаға жататын сөз. Оны қазақ ауыз екі сөйлеуде ғана қолданады. Енді майқы деген сөздің алғашқы компонентінде май компонентін бөліп алуға болады. Оны керісінше оқысақ, йам, ал й протезалық дыбыс, оны түсіріп те айтуға болады. Сонда а... (бұл сөзді этикетке байланысты толықтай жазбаймыз) деген сөз шығады. Бұл сонда 13 санымен де, анамен де байланысты ұғым болып шығады. Нүкте тіршілік бастауын білдіреді. Май (бай) сөзі де жаңа, алғашқы деген ұғымды береді. Қазақта бәйшешек, бәйбіше, биік (бійік) деген сөздердегі алғашқы буындағы сөздер бірінші, жоғары деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзді енді үндіеуропа сөздерімен салыстырыңыз. Мысалы, Майя деген сөз ана, алғашқы, ұлы дегенді білдіреді. Сонда қазақ сөзінің тектілігі арқылы ғана сөз этимологиясын табуға болатынына көзіңіз жетеді. Бұл сөздің алғашқы компоненті Айса сөзде де жүр. Айса (Иса [Ыйса]) пайғамбардың 12 апостолы (оқушылары) болғандығы жайлы айтылады. Ал осы 12-нің  ұстазы – Иса пайғамбардың өзі! Майқының семиттіктердегі аналогы немесе түркілер образының бір үлгісі. Майқыны кейде Байқу деп те атайды. Қазақ халқының руларының бірі – 12 ата Байұлы. Бұл да 13 санына қатысты, өйткені Бай/Май  үлкен, ұлы  ата дегенді білдіріп, ал одан тараған ұрпақ 12 екі атаға жіктелген.

Қорыта айтатын болсақ, Майқы, майя, осы сөздермен байланысты 13 саны – бірнегізден тараған түсінік-ұғымдар. Бұл жерде қазақ (түркі), майя,  еуропа, т.б. мәдениеттердің белгілі бір ортақ бастаудан нәр алғандығын көруге болады. Ал сол бастау қазақ тілі арқылы түсінілсе, онда арғы бастаудың да көзі бізден шыққан деп жорамалдауға болатын секілді.

Болат Хасенов,

Қарағанды.

Абай.kz

 

Әдебиеттер тізімі:

Ахметов Ә. Түбі түркі өркениет. – Алматы, Арыс баспасы, 2009. -344 б

Қондыбай С. Гиперборея: родословие эпохи сноведений. 3 раздел. http://otuken.kz/.

Черчвард Д. Древний континент МУ. Прародина человечества. Пер. с англ. К. Семенова. — К.: «София», 1997. —288 с. www.е-puzzle.ru

 Хозе Аргуэльес – Фактор Майя. ВНЕТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ ПУТЬ. ИД "Гелиос" 2002// www.е-puzzle.ru

Қабисатұлы Қ. Қазақ календары. 22 –наурыз, 2009. Елтану. 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498