АМЕРИКАДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ
Америкада адам құқығы шынымен керемет сақталған. Менің танысым Мұқаметханова Алия Аллабергенқызы жуықта жаңа құжатқа ие болды. Ол өз аты-жөнін Алеке Аллие деп өзгертті. Өзгерту үшін небәрі бір-екі күн уақыты кеткен. Ал, бізде ше?
Маған аударма жасатуға келген Тұрды Бибігүл есімді келіншектің жеке куәлігінде Труда Быгуль, енді бір құжатында Турда Быгуль делінген. Осы машақаттан құтылу үшін бармаған жері, баспаған тауы қалмапты, ақыры Труда Быгуль болып қала берген. Ол тегінен ұялатынын айтады.
(Ботагөз Уатқанның FB парақшасынан алынды)