Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4248 0 пікір 16 Желтоқсан, 2014 сағат 13:43

РЕСЕЙМЕН ҚҰДАЙЫ КӨРШІМІЗ. ОСЫЛАЙ БОЛДЫ... БОЛА ДА БЕРМЕК

Қазақстанға Ресеймен тату көршіліктен басқа жол жоқ деп санайды Нұрсұлтан Назарбаев.

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Нұрсұлтан Назарбаев:«Ресеймен жүзжылдықтарға жалғасқан тарихи жолымыз бір. «Адам досы мен қасын өзі таңдайды, ал көршіні Құдай береді» деген сөз бар халық арасында. Біз Ресеймен Құдайы көршіміз. Осылай болды, болып келеді және болашақта бола да бермек», - деді.

ҚР Президенті Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде интеграциялық үрдістер шындыққа айналып келеді деп қадап айтты.

-          Қазір біздің ортақ тарихымыз Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық үшін берік негіз болып қалыптасты. Осыдан 20 жыл бұрын мен ұсынған бұл идея шындыққа айналды. Және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастайды, -  деп қорытты Ресеймен арадағы қарым-қатынасқа байланысты ойын Н.Назарбаев.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417