Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5243 0 пікір 12 Желтоқсан, 2014 сағат 14:58

«ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА – 2020:» баспанасыздар үйлі бола ма?

СҰРАҚ:

Құрметті Абай.kz! Менің банк өкілдеріне қоятын сұрағым бар еді. Сіздер жазып жатқандай, жұмыс жүргізіліп отыр екен, бірақ,  «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы баспанасыз адамдар шоғырын толықтай үймен қамтамасыз ете ала ма?

Ақсұлу Болатайқызы,

Алматы қаласы.


 

 ҚТҚЖБ баспасөз қызметі: 

Әрине, орынды әрі қиын сұрақ. Жалпы, Қазақстан сияқты қарқынды дамып отырған көрші елдердің ешқайсында тиімді тұрғын үй құрылыс жүйесі жұмыс істеп отырған жоқ. Мүны біздің мемлекеттік саясаттың жемісі деп бағалауымыз керек. Енді сұраққа келейік: еліміздегі демографиялық өсімді есепке алсақ, түбегейлі жауап беру қиын. Оның үстіне Қазақстандағы үрбанизация үрдісі қоғамдағы баспанаға деген сұранысты тіптен арттырып жіберуде. Сондықтан, «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы баспанасыз адамдар шоғырын толықтай үймен қамтамасыз ете алады деп кесіп айтуды міндемізге алмаймыз.

Ал, 2012-2020 жылдарға арналған Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 3 млн шаршы метр баспана тапсыру жоспарланса, екінші бағыты бойынша 1,5 млн шаршы метр үй салынбақшы. Қазіргі таңда 425 мың адам біздің банкпен шарт жасасқан. Олардың 35 пайызы «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысуға ниет білдірген. Бүгінге дейін банк желісі бойынша қаржыландырылған тұрғын үйдің аумағы жыл сайын 500 мың шаршы метрден асып отыр. Баспана бағасының шаршы метрге шаққандағы құны: аймақтарда 90 мың теңгеден аспаса, Астана мен Алматы қаласы үшін 142 мың теңгені құрайды. Ал, «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде 6 млн. шаршы метр тұрығын үй салу көзделген.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417