ТҚЖБ: ТАҒЫ ДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Біз бүған дейін «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ ЖҮЙЕСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?» (http://abai.kz/post/view?id=2357) деген сауалға жауап берген болатынбыз. Енді сол бағыттағы түсіндіру жұмысын жалғастырсақ...
Тұрғын үй құрылыс жүйесі арқылы жүзеге асырылатын бірінші Бағдарлама бойынша, біреулер пәтерді бірден сатып алуына мүмкіндігі болса, екінші біреулер оны жалға алып, кейін сатып алуына болады. Бұл дегеніңіз, Бағдарлама қатысушының төлеу қабілеттілігіне байланысты болады. Енді мұны мысал ретінде қарастырайық.
Егер пәтер көлемі 60 шаршы метр болса, 1 ш.м. бағасы 90,0 мың теңге болады, онда пәтер құны 5,4 млн теңгені құрайды.
8 жылға алдын ала зайымға алынған пәтерді сатып алу үшін (бұл несие, алдын ала салымдары жоқ салымшыларға беріледі) ай сайын 66 870 теңге төлеу қажет.
Аталған төлемде алдын ала зайымының жылдық 8,5 пайызы мөлшерлемелік теңге екендігі ескеріледі (мұндай мөлшерлеме бюджеттің несие қаржысын пайдалану есебінен болады). Алдын ала зайымын өтеу мерзімі өткеннен соң ай сайынғы төлем 18 900 теңгеге дейін төмендейді, себебі тұрғын үй құрылыс зайымы жылдық 4 пайыздық мөлшерлемемен 15 жылға дейін беріледі.
Жалға алынатын баспана үшін ай сайынғы тұрғын үй жинақ салымдарын жинақтау салымы жоғарыда келтірілген шарттар бойынша 28 620 теңгені құрайды, ал жалға төленетін төлемдер бойынша ай сайынғы қосымша сома 6 000 теңгеге жетеді (Бағдарлама шарттары бойынша 1 ш. м. үшін 100 теңгеден аспайды). Оған қоса коммуналдық қызмет үшін шығындарды өтеу керек. Шарт бойынша жинақтық есепшотқа салымдар жинақталып, үйдің жалға беру мерзімі өткеннен соң, тұрғын үй зайымы беріледі. Ол бойынша төленетін төлем 18 900 теңгені құрайды.
Егер төлеу мүмкіндігі жоғары болса, онда Бағдарлама қатысушысы алған зайым есебінен баспананы өз меншігіне сатып ала алады, ал егер жағдайы келмесе, онда Бағдарлама қатысушысына жалға берілген баспананы кейін меншікке сатып алу үшін жинақ салымдарын жинақтауға мүмкіндік береді. Оған қоса, бағдарлама бойынша отбасының таза табысының жоғары деңгейіне шектеу қойылған. Яғни Бағдарлама қатысушысы 15 айлық күнкөріс минимумы деңгейінде табысы болса, онда ол үйді жалға алу құқығына ие бола алады. Жалға берілетін үйлер табысы төмен отбасыларына берілуі үшін қарастырылған.
Абай-ақпарат.