Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3847 0 пікір 11 Желтоқсан, 2014 сағат 15:14

ТҚЖБ ТҮСІНДІРЕДІ: КЕЗЕККЕ ТҰРУ КЕРЕК ПЕ?

Сауал:

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» кезекке қалай тұрады?

Жауап:

Басын ашып алатын жайт,  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесі бойынша екі бағытта қаржыландыру жүргізіледі. Біріншісі – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі. Екіншісі – мемлекеттік бағдарламалардың қатысушысы ретінде. Кейінгі топқа «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасын жатқызуға болады. Алдымен, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қаржы салғысы келетіндерге кеңес берелік:

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы беріліп жатқан үйден үмітті адамдарға әкімдікке немесе басқа да ресми орындарға барып кезекке тұрудың қажеті жоқ. Кез-келген азамат банк салымшысы болып тіркелген уақытына, есепшотқа жинап жүрген ақшасының көлеміне байланысты үйге үміт артады. Яғни, банк салынып жатқан үйді сатуға ығарар кезде хабарландыру береді. Салымшы сол кезде таңдаған үйінен пәтер сатып алу үшін арыз береді. Осы арыз негізінде жинақ есепшоттарының жағдайы бойынша кезекке тұрады. Демек, бәрі салымшылардың жинаған қаражатының көлемі мен жинақ мерзімінің уақытына байланысты болып отыр.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415