Қазақстанда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады
Астана. 14 мамыр. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Астанада экономикалық даму және сауда министрлігі, екінші деңгейлі банктер, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, барлық облыстардың әкімдіктері премьер-министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.
Келісімдер бизнес үшін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсдиялауға және ЕДБ несиелерін кепілдендіруге қатысты.
«Бұл құжаттар бағдарламаның барлық қатысушыларына тең мүмкіндіктер беріп, көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығын, транспаренттілігін қамтамасыз етуге бағытталған», - деді экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова жұма күні қол қою рәсімі барысында.
Өз кезегінде үкімет басшысы мемлекеттің міндеті «бизнеске бизнес-шешімдерді қабылдау оңай болуы үшін жағдай жасау» екенін атап көрсетті.
«Бүгінгі күннен бастап бизнестің субсидияланған мөлшерлемемен осы ресурстарды банктерден алу мүмкіндігі бар», - деді К. Мәсімов. Ол биліктің, бизнестің, қауымдастықтардың, банк секторының жұмыла атқарған жұмысына «алдағы экономикалық дамуымыз байланысты болады» деп атап өтті.

«Банктерде қаржы бар, заемшылар бар, пайыздық мөлшерлеме - 7% - бұл ең төменгі мөлшерлеме ...ЕО-да мұндай мөлшерлемемен несие алуға болады деп ойламаймын, яғни барлық жағдай жасалған. Енді бәрі бизнестің қолында», - деп атап өтті К. Мәсімов.
Бұрын хабарланғандай, 13 сәуірде үкімет кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын қарастыратын «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын бекітті.
2010 жылы оны жүзеге асыруға Т30 млрд-тан аса қаржы бағытталады. Бағдарламаның бірінші бағыты - жаңа бизнес бастамаларды қолдауға оның Т12 млрд, екінші бағыт - кәсіпкерлік секторды сауықтандыруға Т16 млрд, үшінші бағыт - экспортқа бағытталған өндірістерді қолдауға Т2 млрд жұмсалады.
Бірінші бағыт шеңберінде мемлекет жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға берілетін несиелер, сондай-ақ, өндірісті жаңарту және кеңейту үшін бұрын берілген несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялайды. Субсидиялау несиелер бойынша жылына 12% мөлшерлемемен беріледі, бағдарламаның қатысушысы оның 7%-ын төлейді, 5%-ын мемлекет өтейді.
Екінші бағыт бойынша бұрын берілген және несие бойынша қарызы бар бизнес өкілдерінің жаңа займдары бойынша несиелік мөлшерлемені субсидиялау жоспарланған. Ондай кәсіпкерлерге жеке кіріс салығынан басқа, салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша өсімақы есептелмей, 3 жылға дейін уақыт беріледі.
Үшінші бағыт бойынша мемлекет өз өнімін экспортқа шығаратын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері бойынша 12 пайыздық мөлшерлеменің 8%-ын субсидиялайды. «2011 жылдан бастап субсидиялау көлемі банктің сыйақы мөлшерлемесінің 70%-ын құрайды», - деді министр.
Жұмыс істеп тұрған кез-келген кәсіпорындар және бағдарламаның барлық үш бағыты бойынша жаңа займдар субсидиялауға жатады. Кепілдендіру жартылай жүзеге асырылады және кепілдендірудің көлемі несие сомасының 50%-нан аспайды, яғни өтініш берген бір адамға Т1,5 млрд құрайды және жаңа несиелер бойынша жүзеге асырылады. Өтініш беруші жобаның жалпы құнының 15%-нан кем емес мөлшерде өз қаржысын салу қажет.
Аталған бағдарлама қарқынды индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады