Сенбі, 23 Қараша 2024
Өз сөзі 6849 0 пікір 11 Желтоқсан, 2014 сағат 13:48

Мырзан КЕНЖЕБАЙ. «КӨРЛӘТ»

Жағымпаздық, жарамсақтық деп бас салып күстәналау күнә болар, бiрақ қазақта, оның осы күнгi баспасөзiнде әлде жетiм балаға, әлде намысы тапталғанына етi өлiп кеткен байғұсқа тән бiр бұйығылық әлде қайтiп кетем деген бiр үргедектiк бар. Мұны не өз елiнiң тағдырына деген керенаулық, не саяси басырлық десек болады.

Қазақтың саяси басырлығы яғни, саяси қараңғылығы кеңес заманында басталды. Оған дейiн қазақтың сөзi дуалы билерi мен ауыл ақсақалдарынан, от ауызды, орақ тiлдi шешендерiнен бастап ел бастаған, қол бастаған хандары мен батырларына шейiн көршiлес мемлекеттердiң әр қимылы мен пиғылын олардың ертеңгi күнге қандай қам жасап отырғанын қалт жiбермей аңдып отыратынды. Әрине, бұл саяси қырағылық, бұл саяси жiтiкөздiк қазақ тағдырын орыстар, яғни, Ресей түп-түгел өз қолына алғаннан кейiн қазақтың керенаулығына, бойкүйездiгiне айналды да ол өз мемлекетiнiң, өз ұрпағының, яғни, ұлтының, ертең кiм боларына басын ауыртпайтын бүгiнгi мәңгүрттiкке әкелдi. Осылай боларын бiлiп, қалың қазақтың iшiнен ұлтының уайымын қорықпай, батыл айтатын, сонадайдан өркештенiп көрiнетiн өрелi ұлдарын орыстар патша заманында да кеңес заманында да дер кезiнде қағып тастап отырды. Сонау Кенесары-Наурызбайдан, Жанғожа, Көтiбардан, Есет Көтiбарұлы мен Тама Есеттен, Жылқаман, Сартайдан  бастап  кешегi Смағұл Сәдуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Ахмет Байтұрсынов, Әбдiрахман Әйтиев, Халел, Жанша Досмұхамедов, Сейiтқали Меңдешевтер сол «қағып тастау» саясатының құрбандары болды. Әрине, «халық - Алланың бiр аты», халық деген өте киелi ұғым. Бiрақ әр кезең, әр заман табалдырығын аттаған сайын әлгiндей ойын ашық айтатын, санасы биiк азаматтары жойылып отырған жәй халық қашанда билiк басындағылардың ашса алақанында, жұмса жұмырығында болады. Ендi ол халықтың iшiндегi ең  бiр билiктегiлердiң көңiлiне жақын, қай ұлт үстем болса, соған қызмет ететiн көзi ашық, оқығандар абырой-беделге, атақ-даңққа ие болады. Билiк басындағылар соларды халыққа үлгi-өнеге қып көрсетедi. Ендi халық соларды құрмет тұтатын болады.

Мысалы, патша заманында Әбiлхайыр ханды, Көтiбар мен Жанғожаны, Сырым Датұлы мен Мырзағұл Шманұлын өлтiргендер атақ-даңққа ие болып, жасырын шен-шекпен алды. Қазақ үнсiз. Кеңес заманында орысша өлең жазған шалақазақтар ең талантты ақын атанды, орысша таза сөйлейтiндер лауазымды қызметке жоғарылатылды. Жәй қазақ та, әдебиет пен баспасөздегi қазақ таоның да ерсi екенiн бiле тұра былқ еткен жоқ. Былқ етпек түгiл орысша «акцентсiз сөйлеу» жөнiнен жарысқа түстi. €збекстан басшысы Ш. Рашидов музыка мектептерiнде Еуропаның классикалық шығармаларын оқытпай-ақ қоюды қолдапты, бiздiң Димекең орысша таза сөйлейдi, ал Рашидов акцентпен сөйлейдi екен және жиналыстарда өзбекше сөйлейтiн көрiнедi деп «кемiттi». Қазақ қыздары мен әйелдерiнiң көйлегiнiң етегi тiзеден кереқарыс көтерiлiп кеткенде өзбектiң қыздары етегiнен самал соққан патшәйi көйлек пен мол пiшiлген зербалақ дамбалды, күлдей ұсақ моншақтан гүл төккен тақиясын тастаған емес. Бiз жыл сайын миллиард пұт астықты Отанның «общая қамбасына» құйдық деп мақтанып жатқанда әуелi өзбек ұлтының мүддесiн ойлайтын Ш. Рашидов Өзбекстанның бiрнеше жыл бойы мақтадан түсетiн ақшасын тек республика қазынасына (қазақтар бюджет деп сөйлейдi) түсiрiп тұруға Мәскеудi көндiрiп, сол ақшаға Ташкенттен бiрер жылда метро салдырып алды. Сол кездегi қазақ басшылары соны көрiп-бiлiп-ақ отырды.

Қайсыбiрiн айтып тауысасыз, әсiресе 1966 жылдың сәуiрiнде Ташкент зiлзаладан қирап қалғанда оны қалпына келтiруге орыс, украин, белорус эшелон-эшелонымен алдырылды. Мiне, солар 1-2 жылда көне Ташкенттiң орнына жаңа, қазiргi заманғы әсем Ташкент қаласын тұрғызып бердi де өздерi керi қайтып кеттi. Бұл да Ш. Рашидовтың ұлтжанды саясатының жемiсi екен. Сөйтсек, ол тек 4-5 бөлмелi үй салуға нұсқау берiптi. Ал ол үйлер заң бойынша көп балалыларға берiледi. Шамаданына толтырып темекi iсi мен  бiр жартысын, колбасасын салып келген орыста қайдан көп бала болсын, сол шамаданын арқалап керi қайтты. Бiрақ өзбек газеттерi мен телеарналары қазақтарға ұқсап «Ойбай, орыстар кетiп барады, бiлiктi мамандар, керемет құрылысшылар кетiп жатыр» - деп зар еңiреген жоқ. «Әкә», «үкә»лап шығарып салды. Ал қазақ басылымдары бүкiл Ресейден, Сiбiрден ағылып келiп жатқан келiмсек пен қаңғымалардың, түрмеден шыққан, шартты түрде босатылған, кiсi өлтiрген, әйел, қыз зорлағандардың Қазақстанға келiп «ерен еңбек үлгiсiн көрсетiп», «тың даланы еңбек симфониясымен жаңғырықтырып», тiптi, қазақ қыздарымен құшақтасып жүргендерiн, орысқа, украинға, белорусқа қатын болып жатқандарды қуана хабарлап, суреттерiн жарыса басып жатты. Бұл сол кезде елдi басқарған әлде қазақ, әлде басқа ата-тегi белгiсiз бiреулердiң қазақты мәңгүрттендiру саясаты едi. Әрине олар бұл тапсырманы Мәскеуден алып отырды. Ал халық үйдiң айналасындағыдан, үйдiң iшiндегiден әрiнi көрмейтiн көркеуде күйге түстi. Мұндай адамдарды әдетте «көрләт» дейдi. Яғни,  көрден шықпай қалған, үйкүшiк адам деген сөз. Ондай адамдар ұлты да, жеке өзi де қорлыққа, мазаққа түсiп отырғанына, байлығын бiреулер, жат елдiктер тонап жатқанына, оны ойлауға санасы жетпейдi. Бұл тозаққа үйренген адамға «Кел, жұмаққа шығарайын»,- десең «жоқ, осыным жақсы» дейдi екеннiң керi деген осындайға орай айтылған. Ал көзi ашық деген қазақ журналистерi, яғни қазақи ақпарат құралдары сол кезде әлгi интернационалдық саясатты жарыса уағыздады.

Байлық дегеннен шығады-ау: Қазақтар сол жылдары қазақ даласындағы бүкiл алтын, күмiс, жез, көмiр жатқан кендi жерлердi орыстарға, Ресейге көрсетiп, сол жерлердiң табиғи жағдайларын, жергiлiктi ұлттың салт-дәстүрiнiң қыр-сырын жайып берiп отырған азаматтарды жер-көкке сыйғызбай мақтады. Оларға ғалым, қоғам, мемлекет қайраткерi атағын бердi. Академик жасады. Сондағы бар айтары -- ол қазақ халқын дүниежүзiне танытты-мыс. Сол ағалар мен ақсақалдарды әлi мақтап келемiз. Бүгiнде олардың сол қателiктерiн айтып, ертеңгi, бүгiнгi ұрпаққа соны түсiндiрудi ескермей келе жатқанымызға қарағанда бiз, яғни, қазақ ұлты әлi де болса саяси санамызды, ұлттық мүдделiлiгiмiздi жетiлдiре түсудi қолға алуымыз керек сияқты ма, қалай өзi?

Оны айтасыз-ау, бiз бүгiнде анау жерде мұнша миллиард, мына жерде мұнша миллиард тонна мұнай, ана жерде уран, мына жерде осмий бар екен, тағы да көмiр кендерi табылды, ендi соны тезiрек алып Қытайға, тiкелей Ресейге, Ресей арқылы Еуропаға тасуымыз керек деп теледидардан, баспасөзден ұялмай-қызармай күмпiлдеп тұрамыз. Баяғы «Қазақстанды сөйтiп, дүниежүзiне танытудамыз» дегендi әлi қақылдаумен келемiз. «€йтiп  жұрт атаулыға байлығымызды шашып танылғаннан  танылмай-ақ қойғанымыз жақсы » деген бiр ауыз сөз жоқ. Ал ондай сөз айтылмаған жерде ешқандай шындық, әдiлдiк болмайды. Егер байлық шашып, дүниежүзiне танылып байып кететiн, қарњәлләзи өмiр сүретiн бiр халық болса, қазақтар баяғыда-ақ жұмақ өмiрге тап болып, ұлы арба сүйретiп, әрi кетсе «ахыранға жұмысқа тұрдым» деп мақтанбай, қыздары тәнiн сатып, әрi кетсе бiреудiң асханасының ыдыс-аяғын жуғанына мәз болып  жүрмес едi. Бiр қызығы қазекем, осының бәрiн  көрiп, бiлiп-ақ отыр. Бiрақ үн жоқ. Қашанда әрнәрсеге күйiп-пiсiп жүрегiн бiр күйгелек ақын байғұс:

         Азаттық таңы атқанда

         Алдымнан  шықты-ау кiл егес.

         Алақан жайып аспанға,

         Мен күткен бақыт бұл емес.

         Естi алып ерге қондырған

         Еркiндiк деген бiр елес,

         Қолдағы барды қор қылған,

         Мен күткен бақыт бұл емес,--деп, өзiнiң мұңы арқылы да осыны айтқысы келген сияқты.

         Ол, тiптi, тәуелсiз болдым деп 17 жыл бойы тойдан-той, мерекеден мереке өткiзiп, сол той-мерекелерге адамның ақыл-есi жетiп, санап тауыса алмайтын ақша шашып жүрiп, өз елiнде жаңа, сорақы   бiр iс басталғанына  да үндемей отыр. Ол сорақылық қазақстандық ұлт жасау деп аталады. Әдiлiн айтсақ бұл - онша жаңалық емес, яғни, ол керемет бiр саясаткерлiк емес. Бұл бұрында әр жерде «шаң берiп қалған идея». Ол бұрын iшiнде диктаторлық пиғылы бар бiреулерде болған. Бұл идея тоталитарлық та, демократиялық та бағытта бола бередi. Мысалы, КСРО  дәуiрлеп тұрғанда «совет халқы» деген халық қалыптасып болғаны туралы ресми түрде жарияланды. Оның өзi негiзiнен тек орыс тiлiнде сөйлеуге мiндеттi, орыстың басшылығындағы халық, яғни, ұлт болғанымен ұяттан хабары бар коммунистер төлқұжаттағы ұлты көрсетiлген бағананы өшiруге, сөйтiп «этникалық ұлт» («этническая нация») деген ұғымды жоюға батылы бара қойған жоқ. Ал АҚШ-та «америкалық ұлт» қалыптасты деген сөз қып-қызыл өтiрiк. Ондағы ағылшындар өздерiн ағылшын, француздар -- француз, немiстер -- немiс, испандар--испан деп атайды. Тек ата-бабасын ХIХ ғасырда Африканың қай түкпiрiнен кiсендеп әкелгенi,  қай тайпадан тарағаны белгiсiз зұлыстардың, зәңгiрлердiң (негрлердiң) бүгiнгi ұрпақтары ғана америкалықпыз дейдi. Қазiр олардың да кейбiр ауқаттылары арғы тегiн iздестiрiп, ДНК дегенiн тексертiп дiңкелеп жүр. «Америкалық» деп  аталатын «этноним» шартты түрде, соларға қатысты айтылады. Яғни, бұл тұспалданған, бүркемелi атау. Ал «қазақстандық» деп аталатын ұлтты жасаушылар бұл iстi «сақтықпен iске асыру  керек», «абайлап iстеу керек» деп қанша мәймөңкелегенiмен олардың пиғылы бiреу-ақ. Ол -- қазақ деген ұлтты түп-тамырымен жою.  Сөйтiп, Американың және басқа да еуропалық мемлекеттердiң тапсырмасын орындап шығу. Глобализацияның ең басты саласы-- ұлтсыздандыру саласын олар Қазақстанда бастап кеп жiбердi. Олар мұны қазақтардың, яғни, жоғарыдағылар мен  олардың жандайшаптарының мақтаншақтығын, жағымпаздығын, намыссыздығын зерттеп, бiлiп алғаннан кейiн iстеп отыр. Қазақстандағы гендерлiк саясат, ашық қоғам құру, азаматтық қоғам құру, азаматтық неке, кез-келген өтiрiк-шыны аралас халықаралық ұйым деп аталатынға Қазақстанның мүше болып шыға келуi, дiндердiң бiрiккен жерi сияқты толып жатқан көпiртулер мен лепiртулер, Қазақстанда өтетiн медиафорум, еуразиялық форум, дiндер форумы сияқтылары да Қазақстанды Батыстың қырық қатпарлы арамза саясатының орталығына айналдыруда. Егер осы «қазақстандық ұлт» саясаты iске асу үшiн Қазақстанда тұратын орыс, немiс, еврей, тек қазақ тiлiнде сөйлейтiн болсын деген заң қабылданып, ол заң бiрден күшiне мiнсе, бүкiл қазақ бұған қос қолын көтерiп қосылар едi. Әттең, бұл олай емес, керiсiнше, яғни, мына жер қазақтың жерi, қазақтың елi емес, бұл -- орыстың да, осы күнi Қазақстанда әбден байып алған -- корейлердiң де, кеше инвестор болып келген кез-келген еуропалықтың да жерi дегендi жүзеге асыру үшiн iстелiп жатқаны көрiнiп-ақ тұр. Егер олар «қазақстандық» деп аталатын бiр ұлт болса, олардың бiр ғана ортақ тiлi болуы керек. Ал, ол ортақ тiл--қазақ тiлi деген сөз айтылмайды. Оның орнына қазақты алдаусырататын үш тiлдiлiк ұсынылуда. €йткенi, үш тiлдiлiк жағдайында, яғни, орыс пен ағылшын тiлiнiң ортасында қазақ тiлi күнi ертең-ақ өз-өзiнен жойылып кететiнiн глобализатор, цивилизованный, орыстiлдi басшылар жақсы бiлiп отыр. €йткенi, орыс пен ағылшын қазаққа үстем екенi қай жағынан да көрiнiп тұрған нәрсе. Мемлекетте iс қағаздары, бүкiл ресми құжат, ресми кездесулер, бүкiл экономика, қаржы, сот саласы қай тiлде жүргiзiлiп жатса, сол тiл үстем болатынын, сондықтан қазақ тiлiн жою үшiн оны мемлекеттiк емес деп заң шығарып әуреленудiң қажетi жоқ екенiн шонжарлар жақсы бiлiп отыр. Ал тiлi жойылған ұлт  өз-өзiнен жойылып кетедi. Ресейде күнi кешегi кеңес заманында бiрнеше ұлт солай жойылды. Осының бәрiн кез-келген шонжар  қазақ бiледi.

Көзi ашық қазақ дегенiмiздiң  бiрi - баспасөз саласындағы қазақ. Амал не неге екенi белгiсiз сол көзi ашықтар да осы бiр сорақы пиғылды батыл әшкерелеуге керенаулық көрсетiп отыр. Ал парламент ше дейсiз ғой? Бiз парламенттегi орыс тiлдi, еуропашыл қазақтар мен «он күйеуге шыдайтын» бикештердi былай қойғанда ондағы ақсақалдарымыздың да жер қазақ жерiнiң тағдыры талқыға түскен сәтте әшейiндегi «батырлығының» әуселесiн көргенбiз. Жер туралы заң шыққаннан берi бұл елдiң, жердiң иесi қазақ емес екенi айқындалып-ақ қалды. Қазiр қазақ жерiн кiм болса сол иемденiп алғаны, ендi оны қайтару қиынға түсетiнi айтылып та жүр. Жақында теледидардан тың өлкесiндегi бiр су қоймасының иесi -- Ресейде тұратын орыс екенiн оны қайтарып алуға Бас прокуратураның да қауметi жетпей жатқанын естiдiк. Осы хабар телеарнада қазақ ұлтының, ұлттық мүддесiнiң тұрғысынан емес, жәй әлгi су қоймасының белгiлi бiр аймаққа, ауыл шаруашылығына  қажет екендiгiне байланысты өкпе-ренiш түрiнде ғана айтылды. Ал бұл мәселелер бұрысында осы бiз кiмнiң, қай ұлттың мемлекетiнде, қай ұлттың жерiнде өмiр сүрiп жатырмыз, бүйте берсек ұрпағымыздың, бүгiн дүниеге келiп жатқан қазақ сәбилерiнiң ертеңгi күнi не болады деген тұрғыда көтерiлуi керек. Бүгiн қарным тоқ, үстiмде әбиiрiмдi көрсетпей тұрған лыпам бар, түнеп шығатын үйiм бар, әрi кетсе машинам бар деген шүкiрлiкпен өмiр сүру жәй сүтқоректi жануаризмнiң бiр нышаны. Оны көрләттiк көзқарас деп те атауға болады. Ал көрләттiк жеке адамның да, ұлттың да көсегесiн көгертпейдi. Бiзге «оян қазақты» ұран қылатын заман ендi келген сияқты.

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415