Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4598 0 пікір 3 Желтоқсан, 2014 сағат 10:26

ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗЕДІ

27-қараша күні Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен «Қазақстанның онкологтар және радиологтары» қоғамдық бірлестігі бірігіп, «Ардагерлерге арналған скринингтік тексеру» шарасын өткізді. Тегін тексерілуге 50-ден астам қарт қатысып, денсаулығының жай-күйін біліп қайтты.

2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы келе жатыр. Бүгінгі бейбіт әрі тыныш өміріміз үшін соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің алдында қарыздармыз. Сондықтан, олардың ерлігін ұмытпау – біздің басты парызымыз. Алайда, қазір Ардагерлер үйінде, одан қалды, Қарттар үйінде өмір сүріп жатқандар аз емес. Бірі тағдырдың тәлкегіне түсіп, жалғыз қалса, енді бірін бауыр еті балалары тастап кеткен. Олар басы ауырып, балтыры сыздаса, өз аяғымен емханаға барып, қажетті ем-дом ала алмауы мүмкін. Тіпті көпшілігі ауруын айта алмай-ақ, өмірден өтеді. Дәл осыны ескерген Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандары көмекке зәру жандарға қол ұшын созуды мақсат етті.

«Онкологиялық көмекті арттыру» бағдарламасы аясында мұндай тегін скринингтік тексерулер өткізіп тұрамыз. Ал дәл қарттар үйіндегі жандарды алып келіп, толығымен тексеру шарасы бірінші рет болып отыр. Бұйыртса, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады» дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор Ғалым Әділбаев.

Негізі елімізде 58-60 жасқа дейінгілер арасында қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында скринингтік тексеру өткізіледі. Бұрын тіркелмегендер арасында  колоректалдық қатерлі ісікті анықтау үшін 70 жасқа дейін, ал ерлер арасында кездесетін қуық безінің қатерлі ісігіне қарсы 66 жасқа дейін скрининг жасалады. Алайда, бұл жастан өтіп кеткен жандарға, өкінішке қарай, арнайы тексеру жасалмайды. Ал бүгін соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері білікті мамандарға қаралып,  уролог, гинеколог, рентгенолог, маммолог және хирургтардың бақылауынан өтті. Дәрігерлер қажет ем-шараны да жазып берді.

Бүгін тексерілуге келген тыл еңбеккері Қаңтарбаев Жайсаңбай: «Өзіміздің Ардагерлер үйінде де дәрігерлер күнделікті қарайды. Бірақ мұндай скринингтік тексеруге бірінші рет әкеліп отыр. Біздің денсаулығымызға алаңдап, аурудың алдын алу үшін жасалып жатқан жақсылық қой бұл. Қамқорлықтарына рақмет» деп ризашылығын білдірді.

ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы 27-қаңтардағы халыққа Жолдауында 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау саласын дамытуды тапсырған еді. Ал бұл бағдарлама отандық онкология қызметін дамытуға бағытталған.

Скринингтік тексерулер арқылы қатерлі ісікті бірінші сатысында анықтау жыл санап жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Онкологиялық ауруларды алғашқы сатысында анықтау – науқастың жартылай айығуымен тең. Бұл кезде оған көмек көрсетуге бар мүмкіндік бар. Ал Қазақстан – дәл осындай скринингтік тексерулерді белсенді өткізетін санаулы елдердің бірі.

Өзге де қосымша ақпарат алу үшін Қазақ онкология және радиология ҒЗИ баспасөз орталығына хабарласуларыңызға болады:

Айгерім Ағылтаева, 87013606663

Гүлназ Сембиева, 87073456491

e-mailonco.congressV@gmail.com

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499