Сәрсенбі, 21 Ақпан 2024
Жаңалықтар 7933 0 пікір 30 Қараша, 2014 сағат 20:24

"Дала дауысы" радиофестивалінің гала-концерті өтті

Астанада қарашаның 28-і күні  III  Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің гала-концерті «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында өтті.

 Қазақ радиосының төл жобасы -  «Дала дауысы 2014» радиофестивалі биылда Елорда төрінде өткен  салтанатты кеште «Дәстүрлі ән», «Академиялық орындаушы», «Эстрадалық орындаушы», «Этноэстрада» және «Жаңа есім» аталымдары бойынша бақ сынап, жеңімпаз атанған 20 орындаушы марапатталды.

«Дала дауысы» радиофестивалі алғаш рет эфирде 2012 жылы бастау алып, қазақ музыкасы арқылы  ана тілімізді дүниежүзі елдеріне барынша насихаттайтын еліміздегі бірінші, әрі жалғыз радиофестиваль. Басты талап –фестивальға қатысушылардың, тіпті ол шет елдік үміткерлер болса да, қазақ әнін нақышына келтіріп орындау. Сол себепті де аз ғана уақыт ішінде «Дала дауысы» жобасы радиофестиваль шеңберінен асып, беделді музыкалық шеруге айналып отыр. 

Аталмыш жобаның басты мақсаты – қазақтың дәстүрлі және заманауи әндерін халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау, сіңіру. Өнер әлеміне жаңа таланттарды «Жаңа есімдерді» ашып таныту. Әр жылдардағы қазақтың ән тарихын ұмыттырмай, тыңдарманға жүлделеп аққан қан тамырындай жақын болу.  «Дала дауысы - 2014»  милиондаған радиотыңдарман  сүйікті әндеріне 100 % дауыс беруі арқылы 41 әншіні финалға өткізді. Ал, финалда 40% тыңдармандардың дауыс беруімен, 40% мамандардың сараптауымен, 20 %  Қазақ радиосының көркемдік кеңесінің шешімімен және ұйымдастыру алқасының таңдауы нәтижесінде жеңімпаздар анықталды.

«Дала дауысы - 2014» радиофестивалінің лауреаттары:

«Дәстүрлі ән» аталымы бойынша:

Гүлмарс Аманбаева – «Қамшыгер»

Қайрат Кәкімов – «Үлкен айдай»

Ардақ Исатаева – «Інжу- маржан»

Сәбит Дабылов – «Құмарын тарқат»

 

 

«Академиялық орындаушы» аталымы бойынша:

Бибігүл Жанұзақ пен Нұрғали Тұрлыбеков дуэті – «Назқоңыр».

«Эстрадалық орындаушы» аталымы:

 Әли Оқапов – «Биле»

Алтынай Жорабаева – «Перзент парызы»

Маржан Арапбаева – «Арманыма асығамын»

Құрмаш Маханов – «Кіршіксіз мұң»

«Заман» тобы – «Қаракөзім»

Қайрат Баекенов және «Формат» тобы – «Махаббат»

«Этноэстрадалық  орындаушы» аталымы:

Ақылбек Жанабаев – «Қазақпын»

Шахиризат Сейдахмет – «Желдірме»

«Жаңа есім» аталымы бойынша:

Алдаспан тобы – «Бозторғай» Қазақстан

Маржан Исаева – «Дәурен ай» Қазақстан

Саян Дембириел –«Ауылым» Ресей

Екатерина Сычевская –«Қазақстаным алға» Беларуссия

Лана Франческо – «Әлия» Латвия

Адриана Шевченко -  «Алғашқы көктем» Украина

Қайнар Қатпаев – «Астана аруы» Қытай Халық республикасы

 

Фестивальға қатысушылар керемет өнер көрсетіп, салтанатты түрде марпатталды. Жеңімпаз атанған орындаушыларға «Дала дауысының» эксклюзивті статуэткасы мен арнайы дипломын еліміздің өнер және қоғам қайраткерлерімен, депутаттар табыстады. Кеш өнер сүйер қауыммен радиотыңдармандарымыздың ойынан шығып, жоғары деңгейде өтті.

 

 Маржан Нұржанова

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Қауырсын

Әлімжан Әшімұлы 1525
Әліпби

Латын жайы

Бижомарт Қапалбек 1575